Евразия24ЖаңалықтарСловенияның жаңа үкіметі бұрынғы биліктің Израильге қатысты шешімдерін қайта қарады

Словенияның жаңа үкіметі бұрынғы биліктің Израильге қатысты шешімдерін қайта қарады

|

|

Рим. 12 маусым. ИНТЕРФАКС – Словения Израильге қару-жарақ экспорттау мен транзиттеуге қайта рұқсат беріп, Израильден әскери өнімдерді сатып алуды да қалпына келтіреді. Бұл туралы жұма күні словениялық бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Аталған шешімді 4 сәуірде билікке келген консервативтік саясаткер Янез Янша басқаратын үкімет қабылдады.

Сонымен қатар Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуге, сондай-ақ оның үкімет мүшелері – Қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир мен Қаржы министрі Бецалель Смотричке қатысты енгізілген persona non grata мәртебесі алып тасталды.

Янша сондай-ақ алдыңғы үкімет мақұлдаған Палестинаны мемлекет ретінде тану туралы шешімнің күшін жоятындығын мәлімдеді.

Өткен жылдың шілде айында либерал саясаткер Роберт Голоб жетекшілік еткен үкімет тұсында Словения Израильмен қару-жарақ саудасына тыйым салған алғашқы мемлекет атанған болатын.

22 наурызда өткен парламент сайлауында Словения демократиялық партиясы екінші орын алғанымен, коалициялық үкіметті құру барысында Янша парламенттегі жеткілікті қолдауға ие болып, үкімет жасақтауға мүмкіндік алды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Азық-түлік мол елде ауыл халқы неге ашығады?

Energyprom сарапшылары Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты жаңа деректерді жариялады. Зерттеу нәтижелерінде бір-біріне кереғар үрдістер байқалады. Бір жағынан, азық-түлікке қаражат жетпей қалуы мүмкін деп алаңдайтын азаматтардың үлесі азайған. Екінші жағынан, тамақтануға мүмкіндігі шектелген адамдар саны артып отыр. Олардың арасында күнделікті тамақтану санын азайтуға мәжбүр болғандар, тіпті кей күндері мүлде тамақ ішпей қалатындар да бар. Азық-түлік тапшылығы баға деңгейі жоғары қалаларда емес, ауылдық жерлерде көбірек байқалады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің едәуір бөлігі өндірілетін елді мекендерде мұндай жағдайдың қалыптасуы ойландырмай қоймайды. Қазақстан халқының 36%-дан астамы ауылдық жерде тұратынын ескерсек, мәселенің ауқымы да айтарлықтай.

Отбасылық қылмыс: Астанада екі әпкелі-сіңлілі жұбайларымен бірге притон ұйымдастырған

Алайда бұл төрт адамнан бөлек, сексуалдық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға және өзге де заңсыз әрекеттерге тағы 11 адам көмектескен.

МҚҰ нарығын қадағалаудың жаңа тәсілі енгізілмек

Қазақстанда микроқаржы нарығын реттеудің базалық жүйесі қалыптасты. 2020 жылдан бастап микроқаржы қызметін жүзеге асыратын барлық ұйым мемлекеттік реттеу мен қадағалауға алынды, ал 2021 жылдан бастап бұл қызмет түріне лицензия беру енгізілді.

Қазақстанда QR-төлемдер айналымы 8 трлн теңгеге жетті

Зерттеуде қолма-қол ақшасыз тұтынушылық төлемдердің үлесі бойынша Қазақстан әлемдегі жетекші цифрлық экономикалардың деңгейіне жеткені атап өтілген. Ақшалай көлемі бойынша барлық транзакциялардың шамамен 80%-ы әлі де интернет және мобильді банкинг арқылы жүзеге асырылады.