Евразия24ЖаңалықтарТоқаев: Қазақстан бауырлас Ресеймен достық қатынастарды жоғары бағалайды

Тоқаев: Қазақстан бауырлас Ресеймен достық қатынастарды жоғары бағалайды

|

|

Астана. 12 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей күніне орай Ресей Президенті Владимир Путинді құттықтады. Бұл туралы жұма күні Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстанда бауырлас Ресеймен арадағы достық пен тату көршілік қатынастар жоғары бағаланады. Бұл байланыстар стратегиялық әріптестік пен одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келеді», – делінген Тоқаевтың құттықтау жеделхатында.

Мемлекет басшысы Ресей президентінің жуырдағы Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Сіздің Қазақстанға жақында жасаған мемлекеттік сапарыңыздың маңызы зор болды. Оның қорытындылары өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашып, ауқымды жобалар мен бастамаларды іске асыруға тың серпін берді. Бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық байланыстар алдағы уақытта да барлық бағыт бойынша қарқынды дами беретініне сенімдімін», – деп атап өтілген жеделхатта.

Тоқаев Путинге Ресей Федерациясының игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде табыс тіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Азық-түлік мол елде ауыл халқы неге ашығады?

Energyprom сарапшылары Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты жаңа деректерді жариялады. Зерттеу нәтижелерінде бір-біріне кереғар үрдістер байқалады. Бір жағынан, азық-түлікке қаражат жетпей қалуы мүмкін деп алаңдайтын азаматтардың үлесі азайған. Екінші жағынан, тамақтануға мүмкіндігі шектелген адамдар саны артып отыр. Олардың арасында күнделікті тамақтану санын азайтуға мәжбүр болғандар, тіпті кей күндері мүлде тамақ ішпей қалатындар да бар. Азық-түлік тапшылығы баға деңгейі жоғары қалаларда емес, ауылдық жерлерде көбірек байқалады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің едәуір бөлігі өндірілетін елді мекендерде мұндай жағдайдың қалыптасуы ойландырмай қоймайды. Қазақстан халқының 36%-дан астамы ауылдық жерде тұратынын ескерсек, мәселенің ауқымы да айтарлықтай.

Отбасылық қылмыс: Астанада екі әпкелі-сіңлілі жұбайларымен бірге притон ұйымдастырған

Алайда бұл төрт адамнан бөлек, сексуалдық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға және өзге де заңсыз әрекеттерге тағы 11 адам көмектескен.

МҚҰ нарығын қадағалаудың жаңа тәсілі енгізілмек

Қазақстанда микроқаржы нарығын реттеудің базалық жүйесі қалыптасты. 2020 жылдан бастап микроқаржы қызметін жүзеге асыратын барлық ұйым мемлекеттік реттеу мен қадағалауға алынды, ал 2021 жылдан бастап бұл қызмет түріне лицензия беру енгізілді.

Қазақстанда QR-төлемдер айналымы 8 трлн теңгеге жетті

Зерттеуде қолма-қол ақшасыз тұтынушылық төлемдердің үлесі бойынша Қазақстан әлемдегі жетекші цифрлық экономикалардың деңгейіне жеткені атап өтілген. Ақшалай көлемі бойынша барлық транзакциялардың шамамен 80%-ы әлі де интернет және мобильді банкинг арқылы жүзеге асырылады.