Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда пара беруге уәде еткені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді

Қазақстанда пара беруге уәде еткені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді

|

|

Астана. 12 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы жұма күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Заң сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шараларды күшейтуді көздейді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғаларға қызметтік өкілеттіктерін жеке мүдделері үшін пайдалануға тыйым салынады.

Сонымен қатар мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген тұлғалардың тізбесі кеңейтіледі, жақын туыстардың бір мекемеде қызмет атқаруына қатысты шектеулер күшейтіледі және ішкі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау тетіктері жетілдіріледі.

Атап айтқанда, бір мемлекеттік органда басшының жиендері, қайын інілері, бажа-құдалары, қайнылары және күйеу балаларының қызмет атқаруына тыйым салынады.

Заңға сәйкес, енді тек пара алу мен пара беру ғана емес, сондай-ақ пара беруге уәде ету, пара ұсыну немесе пара талап ету әрекеттері үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Бұдан бөлек, жеке тұлғалар үшін әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары бойынша талап қою мерзімі бір жылдан үш жылға дейін ұлғайтылды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Азық-түлік мол елде ауыл халқы неге ашығады?

Energyprom сарапшылары Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты жаңа деректерді жариялады. Зерттеу нәтижелерінде бір-біріне кереғар үрдістер байқалады. Бір жағынан, азық-түлікке қаражат жетпей қалуы мүмкін деп алаңдайтын азаматтардың үлесі азайған. Екінші жағынан, тамақтануға мүмкіндігі шектелген адамдар саны артып отыр. Олардың арасында күнделікті тамақтану санын азайтуға мәжбүр болғандар, тіпті кей күндері мүлде тамақ ішпей қалатындар да бар. Азық-түлік тапшылығы баға деңгейі жоғары қалаларда емес, ауылдық жерлерде көбірек байқалады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің едәуір бөлігі өндірілетін елді мекендерде мұндай жағдайдың қалыптасуы ойландырмай қоймайды. Қазақстан халқының 36%-дан астамы ауылдық жерде тұратынын ескерсек, мәселенің ауқымы да айтарлықтай.

Отбасылық қылмыс: Астанада екі әпкелі-сіңлілі жұбайларымен бірге притон ұйымдастырған

Алайда бұл төрт адамнан бөлек, сексуалдық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға және өзге де заңсыз әрекеттерге тағы 11 адам көмектескен.

МҚҰ нарығын қадағалаудың жаңа тәсілі енгізілмек

Қазақстанда микроқаржы нарығын реттеудің базалық жүйесі қалыптасты. 2020 жылдан бастап микроқаржы қызметін жүзеге асыратын барлық ұйым мемлекеттік реттеу мен қадағалауға алынды, ал 2021 жылдан бастап бұл қызмет түріне лицензия беру енгізілді.

Қазақстанда QR-төлемдер айналымы 8 трлн теңгеге жетті

Зерттеуде қолма-қол ақшасыз тұтынушылық төлемдердің үлесі бойынша Қазақстан әлемдегі жетекші цифрлық экономикалардың деңгейіне жеткені атап өтілген. Ақшалай көлемі бойынша барлық транзакциялардың шамамен 80%-ы әлі де интернет және мобильді банкинг арқылы жүзеге асырылады.