Евразия24Не болдыЕртісбаевты альпинист алмастырды

Ертісбаевты альпинист алмастырды

|

|

Альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясының 40 жастағы президенті Нұрсұлтан Шоқанов Халық партиясының тізгінін 69 жастағы Ермұхамет Ертісбаевтан қабылдап алды.

Шынын айтқанда, өзін «қазақстандықтардың басым бөлігінің мүддесін қорғайтын социал-демократиялық бағыттағы саяси күш» деп сипаттайтын партияның жаңа басшысының өмірбаяны бұл ұстанымға онша қабыса қоймайды.

Уикипедиядағы мәліметке сүйенсек, Нұрсұлтан Шоқанов Алматыдағы KIMEP университетін және Швейцарияның Лозанна қаласындағы IMD бизнес-мектебін бітірген. Еңбек жолын Ernst & Young компаниясында бастап, кейін «СанДриллинг» мұнай сервистік кәсіпорнында қызмет атқарған.

Одан кейін қоғамдық тамақтандыру, тағам жеткізу, бөлшек сауда, IT технологиялары және өнеркәсіп өнімдерін дистрибуциялау бағытында жұмыс істейтін OMIR Group компаниялар тобының негізін қалап, директорлар кеңесіне жетекшілік етті.

Кейін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүйесіне ауысып, әуелі Алматы қалалық филиалында еңбек етті. Артынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Мұның бәрі сайлауалды бағдарламасында мынадай сөздер жазылған партияның тізгінін ұстау үшін жасалып отыр: «Қазақстанда қалыптасқан капиталистік жүйенің мәнін түбегейлі өзгерту қажет. Ел байлығының басым бөлігі олигархтардың қолында шоғырланған. Қазақстан халқы кедейленіп, әділдікке деген сенімін жоғалтуда.

Монополиялар ресурстарды сорып жатыр, ал жемқорлық миллиондаған қарапайым адамның болашағын балталауда. Мемлекеттік аппаратты түбегейлі тазарту керек. Медицина мен білім беру сапасы төмен деңгейде. Жеке қолға өткен жер аграрлық секторды жетекші салаға айналдыра алмады, қарапайым халық жұмыссыздықтан ауылдарды тастап көшіп жатыр. Ұлттық валюта құнсыздануда. Халықтың басым бөлігі несие құлдығына жегілген. Коллекторлар азаматтарды үрейде ұстап отыр. Халық өзгерісті талап етеді…»

Екінші жағынан, неге қолдамасқа? Кезінде белгілі кәсіпкер Савва Морозовтың большевиктерге қолдау көрсеткені тарихтан белгілі. Рас, партия ұйымын басқаруға дейін барған жоқ. Ендеше табысты қазақстандық кәсіпкердің бес жыл бұрын атауынан «Коммунистік» деген сөзді алып тастаған Халық партиясын басқаруына не кедергі?
Оның үстіне, бағдарламаның аты — бағдарлама, ал Мәжілісте мандаты бар Халықтық партия «Қазақстанда қалыптасқан капиталистік жүйеге» қарсы аса бір белсенді түрде үн қата қойған жоқ.

Сондай-ақ бәрі бәз баяғыдай: егер нақты жиналған дауыстарды есепке алсақ, Халықтық партия қазақстандықтардың басым көпшілігінің емес, 2023 жылғы наурыздағы Мәжіліс сайлауында дауыс берген сайлаушылардың тек 6,8 пайызының ғана мүддесін қорғайды. Сондықтан Савва Морозов пен большевиктер тарихының қалай аяқталғанын қазбаламай-ақ қоялық, одан да Халықтық партия мен альпинизм федерациясының төрағасына жаңа шыңдарды бағындыруын тілейік!

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда ипотека алу жеңілдеуі мүмкін

Қазақстанда тұрғын үй бағдарламалары бойынша бастапқы жарна мөлшері төмендеуі мүмкін. Премьер-министр Олжас Бектенов осы бағытта тиісті тапсырма берді. Үкімет басшысы құрылыс саласындағы басты міндеттердің бірі жоспарланған 20,4 млн шаршы метр тұрғын үйді толық аяқтап, пайдалануға беру екенін атап өтті.

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібі жеңілдетілмек

ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ведомство көлік құралдарын тіркеу және оларды басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыру қағидаларына өзгерістер әзірледі. «Біздің мақсатымыз – мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін жеңілдетіп, оған кететін уақытты қысқарту. Осыған байланысты артық рәсімдер алынып тасталады.

Борышкерлердің құқығын қорғау: Қазақстан коллекторларға қойылатын талаптарды тағы да қатаңдатпақ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) коллекторлық агенттіктердің қызметіне жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап отыр. Бұған қарыз алушылардан толассыз түсіп жатқан шағымдар себеп болған (https://bes.media/news/arrfr-gotovit-novye-ogranicheniya-dlya-kollektorov-posle-zhalob-dolzhnikov/ ). Тұтынушылық кредиттер бойынша берешекті коллекторларға сатуға енгізілген мораторийдің 2027 жылғы 1 мамырға дейін ұзартылуы да мәселені шешпеген сыңайлы. Азаматтар коллекторлардың белгіленген уақыттан тыс хабарласатынына, рұқсат етілген байланыс санынан асып кететініне, сондай-ақ жұмыс берушілер мен таныстары арқылы психологиялық қысым көрсететініне шағымдануда. Заң талаптарын бұзған агенттіктер тексеріледі. Ал өрескел немесе жүйелі заңбұзушылықтарға жол бергендері арнайы тізілімнен шығарылуы мүмкін. Ендеше, коллекторларға қойылатын талаптардың кезекті рет қатаңдатылуы борышкерлердің жағдайына қалай әсер ететінін қарастырайық.

Шанхай мен Гонконг биржаларында акциялар қымбаттады, ал Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 5,5%-ға құлдырады

Сейсенбі күні Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор биржаларындағы сауда әртүрлі нәтижемен аяқталды. Қытай мен Гонконгтың негізгі индекстері аздап өсті, Австралия нарығында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Ал Жапонияда акциялар едәуір арзандап, Оңтүстік Кореяның Kospi индексі микрочип өндіруші компаниялар акцияларының құлдырауы салдарынан 5%-дан астам төмендеді.