Евразия24ЖаңалықтарИран Жоғарғы көшбасшысының кеңесшісі: Ормуз бұғазын бақылау ядролық қарудан да маңызды

Иран Жоғарғы көшбасшысының кеңесшісі: Ормуз бұғазын бақылау ядролық қарудан да маңызды

|

|

Дубай. 12 шілде. ИНТЕРФАКС – Ормуз бұғазын бақылау Иран үшін ядролық қаруға ие болудан да маңызды стратегиялық артықшылық. Мұндай пікірді Иран Жоғарғы көшбасшысының әскери мәселелер жөніндегі кеңесшісі Мохсен Резаи білдірді.

«Ормуз бұғазы арқылы өтетін стратегиялық теңіз жолын бақылау ондаған ядролық бомбадан да маңызды. Иран бұл бұғазды қорғауды жалғастырады», – деп келтіреді ISNA агенттігі оның сөзін.

Мохсен Резаи АҚШ пен Израиль Иран үшін белгіленген «қызыл сызықтарды» кесіп өтті деп мәлімдеп, бұған «батыл әрі барабар жауап берілуі тиіс» екенін айтты. Оның пікірінше, егер мемлекет басшыларын нысанаға алу қалыпты құбылысқа айналса, онда әлемде ешбір ел өзін қауіпсіз сезіне алмайды.

Өз кезегінде Иран Қарулы күштерінің өкілі, бригадалық генерал Мохаммад Акраминия әскери құрылымдардың Ормуз бұғазындағы ел мүддесін қорғауға дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ Ормуз бұғазының оңтүстік бағытына халықаралық құқықтық мәртебе беруге ұмтылып отыр, ал Тегеран мұны Иран мен АҚШ арасындағы меморандум талаптарына қайшы деп есептейді.

«Меморандумға сәйкес, бұғаздағы кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету Иранның жауапкершілігінде. Ислам Республикасы бейбіт әрі сындарлы бастама аясында Оманмен бірлесіп осы бағыттағы рәсімдерді қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр», – деп Press TV телеарнасы генералдың сөзін хабарлады .

Оның айтуынша, Иран Қарулы күштерінің негізгі міндеттерінің бірі – Ормуз бұғазының қауіпсіздігін және танкерлердің еркін қозғалысын қамтамасыз ету. Сондай-ақ ол Иран меморандум талаптарының орындалуын өз ұстанымына сәйкес қамтамасыз етуге ниетті екенін айтты.

Генерал АҚШ-тың әрекеттері Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікке нұқсан келтіріп отырғанын айтып, Иран америкалық шабуылдарға қатаң жауап беретінін ескертті.

Жексенбі күні АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Біріккен теңіз ақпараттық орталығы (JMIC) Оман жағалауы арқылы өтетін Ормуз бұғазының оңтүстік бағыты кемелер үшін әлі де ашық екенін хабарлады. Бұған дейін Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы өңірдегі жағдайға сыртқы күштердің ықпал ету әрекеттеріне байланысты Ормуз бұғазы арқылы кеме қозғалысы арнайы хабарламаға дейін уақытша тоқтатылғанын мәлімдеген болатын.

Бұған дейін АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы америкалық әскери күштердің Ормуз бұғазында Кипр туы астында жүзген сауда кемесінің атқылануына жауап ретінде Иран аумағына кезекті соққылар жасағанын хабарлаған еді. Бұған жауап ретінде Иран да қарсы соққы жасады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Жасанды интеллект жұмысымызды тартып ала ма, әлде жаңа мүмкіндік бере ме?

Бір сәт ойланып көріңізші: таңертең жұмысқа келдіңіз. Компьютерді қостыңыз. Ал сіз күнде бірнеше сағат жұмсайтын жұмысты жасанды интеллект бірнеше минутта орындап қойды. Есеп дайын, мәтін жазылған, кесте толтырылған, ақпарат сұрыпталған. Сонда сізге жұмыс қалды ма?Соңғы кезде бұл сұрақты көп адам өзіне қоя бастады. «Жасанды интеллект дамып кетсе, біз жұмыссыз қалмаймыз ба?» деген қорқыныш бар. Әсіресе компьютер алдында жұмыс істейтін мамандардың алаңдауы түсінікті.Бірақ мәселенің шындығы сәл басқаша болуы мүмкін.

Вице-президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің хатшылығын басқарады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенбі күні «Қазақстан Республикасы вице-президентінің өкілеттіктері туралы» жарлыққа қол қойды.

ЗАЭС маңында резервтік электр желісін жөндеу үшін уақытша бітім жарияланды

Запорожье атом электр станциясы (ЗАЭС) маңында «Феросплавная-1» резервтік электр желісін қалпына келтіру үшін атысты уақытша тоқтату режимі күшіне енді. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) хабарлады.

БАҚ: Венесуэлалық кәсіпкер АҚШ-қа мұнай танкерлерін ұстауға көмектескен

Венесуэлалық кәсіпкер, North American Blue Energy Partners (NABEP) компаниясының басшысы Алехандро Бетанкур Николас Мадуро билігі кезінде АҚШ санкцияларын бұзып, Венесуэла мұнайын тасымалдаған танкерлерді анықтауға Вашингтонға көмектескен.