Евразия24ЖаңалықтарҚытайда «Бави» тайфунына байланысты 2,4 миллионнан астам адам эвакуацияланды

Қытайда «Бави» тайфунына байланысты 2,4 миллионнан астам адам эвакуацияланды

|

|

Гонконг. 12 шілде. ИНТЕРФАКС – Қытай билігі «Бави» тайфунының жақындауына байланысты 2,4 миллионнан астам тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді. South China Morning Post басылымының хабарлауынша, тайфун жексенбіге қараған түні елдің шығысындағы Тайчжоу қалалық округіне жеткен.

Түн ортасына қарай тайфун әкелген нөсер жаңбыр Вэньчжоу қалалық округінде жауды. Дауыл ошағына жақын аймақта желдің жылдамдығы сағатына 108–117 шақырымға дейін жетті. Қытайдың оңтүстік және шығыс өңірлерінің бірқатарында қатты жауын-шашын тіркелді.

Қазіргі уақытта тайфунның күші әлсіреп, солтүстік бағытқа қарай жылжып барады. Синоптиктер жексенбі күні де бірқатар өңірде жаңбыр жауады деп болжауда.

Басылымның мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты 2,8 мыңнан астам әуе рейсі тоқтатылуы мүмкін. Атап айтқанда, Шанхайдың Пудун және Хунцяо халықаралық әуежайлары жалпы рейстердің шамамен 30 пайызына тең 650-ден астам рейсті тоқтатуға дайындалған. Ал Ханчжоу-Сяошань халықаралық әуежайында жексенбі күні 296 рейс кейінге шегерілді. Тайфун әлсірегеннен кейін күндіз әуе қатынасын біртіндеп қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Жалпы Шанхайда және Цзянсу провинциясында орналасқан 45 әуежайда найзағай мен нөсер жаңбырға байланысты ескерту жарияланды. Сондай-ақ Фуцзянь, Чжэцзян, Хайнань провинцияларынан және Гуанси-Чжуан автономиялық ауданынан рейстердің тоқтатылғаны туралы хабарламалар түсті.

Global Times басылымының хабарлауынша, бұған дейін Бейжіңнің Шоуду және Дасин халықаралық әуежайларында да бірқатар рейс тоқтатылған.

Тайфун теміржол қатынасына да әсер етті. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ханчжоу қаласының Батыс теміржол вокзалы жексенбі күні пойыз қозғалысын уақытша тоқтатты. Сонымен қатар Фуцзянь және Цзянси провинциялары арқылы өтетін кейбір жолаушылар пойыздарының қозғалысы кейінге қалдырылды.

Қытайдың Метеорологиялық басқармасы жазғы туристік маусымның қызған шағында қолайсыз ауа райы көлік қатынасына, ауыл шаруашылығы өндірісіне және коммуналдық қызметтердің жұмысына кері әсер етуі мүмкін екенін ескертіп, жергілікті билікті алдын алу шараларын күшейтуге шақырды. Тұрғындарға ауа райы болжамын қадағалап, аса қажеттілік болмаса, жолға шықпау ұсынылды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Вице-президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің хатшылығын басқарады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенбі күні «Қазақстан Республикасы вице-президентінің өкілеттіктері туралы» жарлыққа қол қойды.

ЗАЭС маңында резервтік электр желісін жөндеу үшін уақытша бітім жарияланды

Запорожье атом электр станциясы (ЗАЭС) маңында «Феросплавная-1» резервтік электр желісін қалпына келтіру үшін атысты уақытша тоқтату режимі күшіне енді. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) хабарлады.

БАҚ: Венесуэлалық кәсіпкер АҚШ-қа мұнай танкерлерін ұстауға көмектескен

Венесуэлалық кәсіпкер, North American Blue Energy Partners (NABEP) компаниясының басшысы Алехандро Бетанкур Николас Мадуро билігі кезінде АҚШ санкцияларын бұзып, Венесуэла мұнайын тасымалдаған танкерлерді анықтауға Вашингтонға көмектескен.

БАҚ: Судан әскері жасырын түрде химиялық қару қорын құрған

Судан Қарулы күштері химиялық қару жасап шығарған. Бұл туралы The Washington Post (WP) Таяу Шығыстағы қауіпсіздік қызметтерінің аты-жөні аталмаған өкілдері ұсынған құжаттарға сілтеме жасап хабарлады.