Евразия24ЖаңалықтарРесей мұнайын сатып алатын елдерге баж салығын енгізу бастамасы АҚШ пен Үндістан...

Ресей мұнайын сатып алатын елдерге баж салығын енгізу бастамасы АҚШ пен Үндістан келіссөздеріне әсер етуі мүмкін

|

|

ДЕЛИ. 15 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ Сенатына енгізілген Ресей мұнайын ең көп сатып алатын елдерге баж салығын салуды көздейтін заң жобасы Вашингтон мен Нью-Дели арасындағы сауда келіссөздерінің барысына кері әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

«Шенеуніктердің бірінің айтуынша, бұл ұсыныс Үндістан билігі үшін күтпеген жағдай болды. Себебі Нью-Делидің Ресей мұнайын сатып алуы мәселесі ақпанда алдын ала келісімге қол жеткізілген келіссөздер барысында талқыланған болатын. Сонымен қатар бұл тақырып соңғы келіссөздерде қайта көтерілген жоқ», – деп жазады агенттік.

Сонымен бірге дереккөздердің айтуынша, Үндістан әзірленіп жатқан заң жобасын жария түрде сынға алмайды. Керісінше, Нью-Дели қазіргі келіспеушіліктерді екі ел арасындағы ауқымды сауда келісіміне апаратын аралық кезең ретінде бағалап, АҚШ-пен келіссөздерді жалғастыруға ниетті.

Әзірге Үндістан АҚШ-пен алдын ала сауда келісіміне қол қойған жоқ. Қазіргі таңда үнді тауарларына 10 пайыздық баж салығы қолданылады. Оның мерзімі 24 шілдеде аяқталады. Егер тараптар келісімге келе алмаса, АҚШ Үндістан экспортына жоғарырақ баж салығын енгізуі мүмкін.

Бұған дейін CBS News Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізуге мүмкіндік беретін заң жобасының жаңартылған нұсқасы АҚШ Сенатының қарауына ұсынылғанын хабарлаған болатын.

Заң жобасының негізгі тетіктерінің бірі – Ресей мұнайын ең көп сатып алатын бес мемлекетке қатысты 100 пайызға дейінгі баж салығын енгізу мүмкіндігі. CBS News мәліметінше, қазіргі уақытта бұл елдер – Қытай, Үндістан, Словакия, Венгрия және Әзербайжан.

Сондай-ақ Ресей газын ең көп сатып алатын бес елге қатысты да баж салығын енгізу қарастырылған. Қазіргі таңда олардың қатарында Қытай, Франция, Бельгия, Жапония және Венгрия бар.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Экспорттың қарқынды өсуі ішкі нарыққа қалай әсер етеді?

Сауда және интеграция министрлігі  ерекше жаңалық жариялады. Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы сегіз айында Қазақстан экспорты рекордтық қарқынмен өсіп, өсім көрсеткіші импорттан төрт еседен астам жоғары болған. Бұл өсімге негізінен агроөнеркәсіп кешені серпін берген. Күнбағыс майы, астық, ұн және зығыр экспорты бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен. Алайда дүкен сөрелеріне көз салсақ, аталған өнімдердің шетелден әкелінген түрлері де аз емес. Алайда отандық азық-түліктің шетелге көптеп шығарылуы ішкі нарықта тапшылық тудырып, бағаның негізсіз қымбаттауына және импорттық өнімдердің көбеюіне әкеліп соқпай ма? Оның үстіне, мемлекет соңғы екі жылдан бері азық-түлік инфляциясын тежеу шараларын белсенді түрде жүргізіп келеді. Ұлттық статистика бюросы,

Қазақстан ШЫҰ отырысында бірқатар бастама көтерді

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдерді сауда байланыстарын нығайтуға, көлік дәліздерін дамытуға және цифрлық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. Бұл бастамалар Душанбеде өткен ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінің отырысында ұсынылды.

Жасөспірімдерге төнген қауіп: экстремистік ағымдардың арбау тәсілдері

Жасөспірімді теріс ағымға тарту үшін міндетті түрде агрессивті ұрандар қолданылмайды. Бәрі бір қарағанда еш күдік тудырмайтын орман көрінісінен, жаттығу туралы бейнероликтен, дұрыс тамақтану жөніндегі кеңестен немесе ежелгі дәстүрлер жайлы материалдан басталуы мүмкін.

Есірткі ісі бойынша ұсталған Navai Қазақстаннан шығарылды

Бір апта бұрын біз Жамбыл облысында ресейлік рэпер Наваи Бакировтың есірткі заттарын заңсыз тасымалдауға және сақтауға қатысы бар деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік. Алайда істің соңы біз күтпеген бағытта өрбіді.