Евразия24ЖаңалықтарБурабайда IT мамандары мен кәсіпкерлерге арналған технологиялық қалашық салынуы мүмкін

Бурабайда IT мамандары мен кәсіпкерлерге арналған технологиялық қалашық салынуы мүмкін

|

|

Астана. 27 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Бурабай курорттық аймағында халықаралық Network School қауымдастығымен бірлесіп технологиялық қалашық құру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған бастама Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен халықаралық технологиялық қауымдастықтың негізін қалаушы Баладжи Шринивасанның кездесуінде талқыланды. Өткен аптада Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Network School жасанды интеллект, инновациялар, технологиялық кәсіпкерлік және адами капиталды дамыту салаларындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын.

«Кездесу барысында Бурабай кентінде әкімдікпен және жергілікті қауымдастықпен бірлесіп Network City технологиялық қалашығын құру тұжырымдамасы таныстырылды. Жоба табиғи ландшафт пен қолданыстағы қала құрылысы талаптарын ескере отырып, модульдік инфрақұрылым салуды көздейді», – делінген хабарламада.

Жоба іске асса, жаңа алаң IT мамандарының, кәсіпкерлердің және зерттеушілердің басын қосатын орталыққа айналып, жұмыс істеуге, білім алуға және кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Баладжи Шринивасан Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы әлеуетіне жоғары баға беріп, жаһандық капитал мен таланттар қауымдастығымен ынтымақтастықтың ауқымды мүмкіндіктері бар екенін айтты. Сондай-ақ Network School жобалары мемлекеттік қаржы есебінен емес, жеке инвестициялар арқылы жүзеге асырылатыны атап өтілді.

«Қазақстандағы жаңа кампусымыз жаһандық технологиялық дамудың орталығына айналады. Мұнда виза рәсімдеу жеделдетіліп, қайта тіркелу тәртібі жеңілдетіледі әрі дарынды мамандарды тарту белсенді жүргізіледі», – деп жазды Шринивасан X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Кездесуде сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, білікті кадрлар даярлау, технологиялық кәсіпкерлікті дамыту және Ақмола облысында халықаралық инновациялық хаб құру арқылы стартаптарды қолдау мәселелері қаралды. Болашақта бұл бастаманы Alatau City аумағына кеңейту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Баладжи Шринивасан тағайындайтын жүлде қоры бар AI Film Festival фестивалін өткізу және AI & Digital Bridge халықаралық форумы аясында әлемдік технологиялық компаниялардың қатысуымен Network State Conference ұйымдастыру бастамалары талқыланды.

Network School – кәсіпкерлерді, бағдарламашыларды, инженерлер мен зерттеушілерді біріктіретін халықаралық технологиялық қауымдастық. Оның қызметі білім беру бағдарламаларын, коворкингтерді, конференцияларды, хакатондарды және акселерациялық бағдарламаларды қамтиды.

2024 жылдан бері цифрлық көшпенділерге арналған Network School кампусы Малайзияның Джохор штатында жұмыс істейді. Алайда шілде айының ортасында кампус аумағында заңсыз мигранттар тұруы мүмкін деген ақпарат тарағаннан кейін бұл жоба Малайзия билігінің назарына іліккен.

Баладжи Шринивасан – америкалық кәсіпкер, ғалым, инвестор, «Желілік мемлекет» (The Network State) кітабының авторы және Coinbase криптовалюта биржасының бұрынғы техникалық директоры.

Бурабай кенті Ақмола облысындағы курорттық аймақта орналасқан. Бұл өңір табиғатының көркемдігіне байланысты көбіне «Қазақстанның Швейцариясы» деп аталады. Курорт Астанадан шамамен 250 шақырым жерде орналасқан.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.