Евразия24Не болдыПавел Дуров Ресейде «қара тізімге» енді

Павел Дуров Ресейде «қара тізімге» енді

|

|

Telegram және ВКонтакте әлеуметтік желілерінің негізін қалаушы әрі иесі Павел Дуров Ресейде түрлі «қара» тізімдерге енгізілді.

«Telegram платформасының негізін қалаушы Павел Дуров Ресейдің Қаржылық мониторинг жөніндегі федералдық қызметінің (Росфинмониторинг) террористер мен экстремистер тізіміне енгізілді. Тиісті жазба тізілімнің «Жеке тұлғалар» бөлімінде №6895 нөмірімен жарияланды. Онда: «ДУРОВ ПАВЕЛ ВАЛЕРЬЕВИЧ*, туған күні – 10.10.1984, туған жері – Ленинград қаласы» деп көрсетілген.

Аталған тізілімге енгізілу оның банк шоттарының бұғатталуына әкеледі. Мұндай жағдайда заңнамада белгіленген шектеулі мөлшердегі қаражатты ғана шешіп алуға және жұмсауға рұқсат етіледі.

Бұған дейін, 29 шілдеде Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФҚҚ) Павел Дуровқа терроризмге жәрдемдесу ісі бойынша (Ресей ҚК-нің 205.1-бабы 1.1-бөлігі) халықаралық іздеу жарияланғанын мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, мұндай шешімнің қабылдануына Telegram әкімшілігінің Украина арнайы қызметтері, сондай-ақ террористік және экстремистік ұйымдар диверсиялар, террорлық актілер мен жаппай кісі өлтіру әрекеттерін ұйымдастыру үшін пайдаланады деп көрсетілген арналарды, чаттар мен боттарды жоймағаны негіз болған», – деп жазады РБК.

Бұл жағдай Telegram пайдаланушыларына қалай әсер етуі мүмкін? Forbes басылымы осы мәселеге қатысты ықтимал тәуекелдерге талдау жасаған.

«Әзірге пайдаланушылар үшін құқықтық тәуекелдер жоқ. Мессенджер иесіне қатысты қылмыстық істің қозғалуы, тіпті ол Telegram қызметіндегі заңсыз әрекеттерге байланысты болса да, пайдаланушылар үшін құқықтық салдарға әкелмеуі тиіс. Сервисті пайдалану, ақылы жазылымдарды рәсімдеу немесе жарнама орналастыру терроризмді қаржыландырумен немесе өзге де заңсыз әрекеттерге жәрдемдесумен теңестірілмейді. Сол сияқты Павел Дуровтың Росфинмониторингтің террористер мен экстремистер тізіміне енгізілуі де өзі иелік ететін сервистің қарапайым пайдаланушыларына қандай да бір шектеу немесе тыйым салуға негіз бола алмайды. Бұл оқиғалардың арасында құқықтық байланыс жоқ», – делінген жарияланымда.

Сонымен қатар басылымда «Дуров ісі» болашақта Telegram-ды экстремистік немесе террористік ұйым деп тануға не оның қызметін бұғаттаудың заңдылығын қосымша негіздеуге пайдаланылуы мүмкін екені айтылады. Мұндай жағдайда, бұған дейін Meta компаниясы экстремистік ұйым деп танылып, оның қызметіне Ресейде тыйым салынғаннан кейін Instagram мен Facebook әлеуметтік желілеріне қатысты қабылданған шешімдерге ұқсас, Telegram-ды да тыйым салынған ресурс деп тану туралы сот шешімі шығуы ықтимал. Тағы бір ықтимал нұсқа – Telegram-ға иелік ететін компанияны «қызметі құпталмайтын ұйым» деп тану.

Павел Дуровқа қатысты қалыптасқан жағдай Қазақстан үшін де маңызды. Өйткені көптеген қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары мен блогерлер осы әлеуметтік желіде бизнес-аккаунт жүргізеді.

Еске салсақ, 2025 жылғы қазанда Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Сондай-ақ Telegram компаниясының Astana Hub экожүйесінің ресми қатысушысы болғаны, Қазақстанда кеңсе ашқаны және AI’lem.AI орталығында жасанды интеллект зертханаларын іске қосқаны хабарланған еді. Бұдан бөлек, Павел Дуров Қазақстанда жасанды интеллектті дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру ниеті бар екенін мәлімдеген болатын. Алайда осы оқиғалардан кейін Қазақстан мен Telegram арасындағы ынтымақтастықтың қалай өрбитіні әзірге белгісіз.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.