Евразия24Жаңалықтар«Миланның» аңызға айналған футболшысы дүниеден өтті

«Миланның» аңызға айналған футболшысы дүниеден өтті

|

|

Астана. 31 шілде. ИНТЕРФАКС — Италияның әйгілі футболшысы, «Милан» клубының аңызы әрі 1982 жылғы әлем чемпионы Франко Барези 66 жасында қайтыс болды. Бұл туралы жұма күні клубтың ресми сайтында хабарланды.

«„Миланның“ жүрегі мен рухына айналған адамнан айырылғанымызды жеткізу өте ауыр. Клуб ұжымы мен жанкүйерлер Франко Барезидің жарқын бейнесін әрдайым жадында сақтайды», – делінген клубтың мәлімдемесінде.

Клуб мәліметінше, Барези соңғы рет бірнеше ай бұрын Миландағы «Сан-Сиро» стадионында өткен 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында көпшілік алдына шыққан болатын.

Футболшының қайтыс болу себебі әзірге жарияланған жоқ.

Өткен жылы «Милан» клубы Барезидің өкпесіндегі түйінді алып тастау операциясын өткергенін хабарлаған. Кейін ол онкологтың бақылауымен оңалту курсынан өткен.

Аңыз қорғаушының қазасына байланысты көңіл айтқандардың қатарында Италияның А сериясы, сондай-ақ «Ювентус» пен «Наполи» клубтары бар.

Франко Барези 1960 жылғы 8 мамырда Италияның Ломбардия өңіріндегі Травальято қаласында дүниеге келген. Бала кезінде ол «Миланның» басты қарсыласы – «Интерге» жанкүйер болған. Алайда бұл клуб оны қабылдамаған соң, Барези «Милан» сапына қосылды. Бір қызығы, оның ағасы Джузеппе Барези кәсіби мансабының басым бөлігін дәл осы «Интер» клубында өткізген.

Франко Барези бүкіл кәсіби мансабын 1977–1997 жылдары «Милан» сапында өткізді. Ол клубпен бірге Италия чемпионатын (А сериясын) алты рет жеңіп алып, Чемпиондар лигасының үш дүркін жеңімпазы атанды.

1999 жылы Барези XX ғасырдағы «Миланның» үздік футболшысы деп танылды. Ол ойын барысында 6-нөмірлі жейдені киген. Кейін клуб бұл нөмірді оның құрметіне мәңгілікке айналымнан шығарды.

Италия құрамасы сапында Барези әлем чемпионаттарының алтын, күміс және қола жүлделерін жеңіп алды.

Сонымен қатар ол футбол аңызы Пеле жасаған ФИФА-ның барлық уақыттағы ең үздік 100 футболшысы тізіміне енген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.