Евразия24ЖаңалықтарБельгиядағы қорық аумағында орман өрті 3 мың гектар жерді шарпыды

Бельгиядағы қорық аумағында орман өрті 3 мың гектар жерді шарпыды

|

|

Брюссель. 16 тамыз. ИНТЕРФАКС – Өткен жұмада Бельгияның Арденна өңіріндегі Жоғарғы Фенн қорығында басталған орман өрті жексенбіге қарай 3 мың гектарға жуық таулы орман алқабын шарпыды, деп RTBF телеарнасы хабарлайды.

«Жоғарғы Фенн аумағының жер бедері күрделі әрі ойлы-қырлы болғандықтан, өрт сөндіру жұмыстары айтарлықтай қиындап отыр. Кейбір учаскелерде құтқару қызметтері қолда бар техникамен өрт ошағына қажетті деңгейде жақындай алмайды», – деп Валлония билігі түсіндірді.

Жергілікті 600-ге жуық тұрғынды эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Бельгияның бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, әзірге өрт тұрғын үйлерге жеткен жоқ. Алайда қалыптасқан жағдайға байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Льеж провинциясының губернаторы Эрве Жамар қою түтін мен жел бағытының өзгеруіне байланысты тұрғындарға жексенбі күні үйлеріне қайтуға қатаң тыйым салынғанын хабарлады.

Өртті сөндіруге Нидерландтан екі Chinook тікұшағы тартылды. Тікұшақтар су алатын жергілікті су айдындарына тұрғындардың баруына уақытша шектеу қойылды.

Өрт сөндірушілер жалынның одан әрі таралуына жол бермеу үшін оны оқшаулауға күш салып жатыр. Өрт шебі үздіксіз алға жылжып, оның ені кей жерлерде бір шақырымға дейін жеткен.

Қорық Германия шекарасына жақын орналасқандықтан, бельгиялық өрт сөндірушілерге Германиядан келген мамандар да көмек көрсетуде. Сонымен қатар өртпен күреске азаматтық қорғау қызметінің мамандары, полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер жұмылдырылды. Өткен түннен бері жалпы саны 250-ден астам адам мен 50-ге жуық техника тартылды.

Биыл Бельгияда аптап ыстықтың үшінші толқыны тіркелген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

CENTCOM басшысы Таяу Шығыста бірқатар елдің басшыларымен келіссөздер өткізді

АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) басшысы Брэд Купер Таяу Шығыс елдеріне жасаған 10 күндік сапарын аяқтады. Сапар барысында ол өңір басшыларымен кездесіп, Таяу Шығыста орналасқан америкалық әскери қызметшілермен жүздесті, деп хабарлады қолбасшылық.

Әйелдің саясаттағы орны қандай?

Сәуле Сағади депутаттыққа әйел болған соң ғана ұсынылып отыр. Ол – Астанадағы Re.Women әйелдер қауымдастығының төрайымы. eurasia24.media редакциясының әйелдер қауымы кандидаттың Құрылтайға қандай бастамамен бара жатқанын, әйелдердің атынан қандай мәселе көтермек екенін түсінуге тырысты. Алайда нақты жауап таба алмады. Бұған редакцияны кінәлау да қиын: кандидаттың өзі де Парламентке не үшін бара жатқанын анық жеткізе алмады.

Ұлттық банк саясаты және қолжетімді ипотека

Құрылтай сайлауына үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы да басталды. Шынын айтқанда, «Еуразия24» редакциясының бұл тақырыптағы айтары да сарқыла бастағандай. Жоқ, «Не болды?» (https://eurasia24.media/chto-sluchilos/na-gorle-sobstvennoj-pesni/) және «Ушыққан мәселе»  айдарларында материал жеткілікті. Ал болашақ Құрылтайдың құрамы қандай болады, ол елде қордаланған мәселелерді шешуге қаншалықты қауқарлы – әзірге бұған қатысты нақты болжам жасау қиын.Әлеуметтік желілерде Мәжіліс төрағасы қызметінен кеткен Ерлан Қошанов пен Мәулен Әшімбаевтың қамауға алынғаны туралы жалған ақпарат тарады. Осындай тұста Taldau Talks-тың жаңа әрі өзекті шығарылымы жарық көрді. Оның тақырыбы – қазақстандықтарды толғандыратын ең маңызды мәселелердің бірі – баспана.

Дрондар соғысы және оның экономикалық тиімділігі

 2022 жылдан бері кеңінен қолданылып келе жатқан ұшқышсыз ұшу аппараттары қазіргі әскери қақтығыстардың сипатын едәуір өзгертті. Бұл саладағы маңызды мәселелердің бірі – қару-жарақтың экономикалық тиімділігі. Дрондар мен оларға қарсы құралдардың, әуе шабуылына қарсы қорғаныс кешендерінің, байланыс және нысананы дәлдеу жүйелерінің құны мемлекеттің қорғаныс шығынына шамадан тыс салмақ түсірмеуге тиіс. Осыған байланысты Пентагон ауыр барлау және соққы жасауға арналған MQ-9 Reaper дрондарын пайдаланудың тиімділігіне қайта баға бере бастады.