Евразия24ЖаңалықтарЛула да Силва мен Болсонару Бразилиядағы сайлау науқанын бастады

Лула да Силва мен Болсонару Бразилиядағы сайлау науқанын бастады

|

|

Мадрид. 16 тамыз. ИНТЕРФАКС – Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва жексенбі күні өзінің сайлау науқаны басталғанын жариялады, деп хабарлайды ЭФЭ агенттігі.

Сан-Паулудағы стадионда мыңдаған жақтасының алдында сөз сөйлеген ол сайлауда жеңіске жеткен жағдайда «төртінші президенттік мерзімінде ел алдында тұрған мәселелерді шешуге» уәде берді.

«Денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй құрылысына инвестиция салмасаңыздар, Бразилия халқы үшін қандай болашақ қалыптастырмақсыздар?» – деді Лула да Силва.

Ол шетелдік күштерді Бразилиядағы сайлауға араласпауға шақырды. Сонымен қатар Бразилияның сирек кездесетін металдарды өз күшімен өндіріп, өңдеуі және бұл ресурстарға шет мемлекеттердің қол жеткізуіне жол бермеуі маңызды екенін атап өтті.

Қазіргі президент сондай-ақ ерлер мен әйелдердің теңдігін қамтамасыз етуге және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресуге ниетті екенін мәлімдеді.

Лула да Силваның негізгі қарсыласы – Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонарудың ұлы, сенатор Флавиу Болсонару да жексенбі күні сайлау науқанын бастады.

Рио-де-Жанейродағы Копакабана жағажайында сөз сөйлеген Болсонару қазіргі президентті қатаң сынға алып, оны мемлекеттік компаниялардың шығынға ұшырауына және ұйымдасқан қылмысқа қарсы тиісті күрес жүргізбеуіне жауапты деп айыптады.

«Олар жағдайды не бақылауда ұстай алмай отыр, не ұйымдасқан қылмыстық топтармен белгілі бір келісімге келген», – деді ол.

Bloomberg шілде айында жариялаған сауалнама нәтижесі Лула да Силваның танымалдығы жағынан Болсонарудан алда екенін көрсетті.

Бразилияда кезекті президент сайлауы 2026 жылғы қазанда өтеді деп жоспарланған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Бельгиядағы қорық аумағында орман өрті 3 мың гектар жерді шарпыды

Өткен жұмада Бельгияның Арденна өңіріндегі Жоғарғы Фенн қорығында басталған орман өрті жексенбіге қарай 3 мың гектарға жуық таулы орман алқабын шарпыды, деп RTBF телеарнасы хабарлайды.

CENTCOM басшысы Таяу Шығыста бірқатар елдің басшыларымен келіссөздер өткізді

АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) басшысы Брэд Купер Таяу Шығыс елдеріне жасаған 10 күндік сапарын аяқтады. Сапар барысында ол өңір басшыларымен кездесіп, Таяу Шығыста орналасқан америкалық әскери қызметшілермен жүздесті, деп хабарлады қолбасшылық.

Әйелдің саясаттағы орны қандай?

Сәуле Сағади депутаттыққа әйел болған соң ғана ұсынылып отыр. Ол – Астанадағы Re.Women әйелдер қауымдастығының төрайымы. eurasia24.media редакциясының әйелдер қауымы кандидаттың Құрылтайға қандай бастамамен бара жатқанын, әйелдердің атынан қандай мәселе көтермек екенін түсінуге тырысты. Алайда нақты жауап таба алмады. Бұған редакцияны кінәлау да қиын: кандидаттың өзі де Парламентке не үшін бара жатқанын анық жеткізе алмады.

Ұлттық банк саясаты және қолжетімді ипотека

Құрылтай сайлауына үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы да басталды. Шынын айтқанда, «Еуразия24» редакциясының бұл тақырыптағы айтары да сарқыла бастағандай. Жоқ, «Не болды?» (https://eurasia24.media/chto-sluchilos/na-gorle-sobstvennoj-pesni/) және «Ушыққан мәселе»  айдарларында материал жеткілікті. Ал болашақ Құрылтайдың құрамы қандай болады, ол елде қордаланған мәселелерді шешуге қаншалықты қауқарлы – әзірге бұған қатысты нақты болжам жасау қиын.Әлеуметтік желілерде Мәжіліс төрағасы қызметінен кеткен Ерлан Қошанов пен Мәулен Әшімбаевтың қамауға алынғаны туралы жалған ақпарат тарады. Осындай тұста Taldau Talks-тың жаңа әрі өзекті шығарылымы жарық көрді. Оның тақырыбы – қазақстандықтарды толғандыратын ең маңызды мәселелердің бірі – баспана.