Евразия24ЖаңалықтарБельгиядағы қорық аумағында орман өрті 3 мың гектар жерді шарпыды

Бельгиядағы қорық аумағында орман өрті 3 мың гектар жерді шарпыды

|

|

Брюссель. 16 тамыз. ИНТЕРФАКС – Өткен жұмада Бельгияның Арденна өңіріндегі Жоғарғы Фенн қорығында басталған орман өрті жексенбіге қарай 3 мың гектарға жуық таулы орман алқабын шарпыды, деп RTBF телеарнасы хабарлайды.

«Жоғарғы Фенн аумағының жер бедері күрделі әрі ойлы-қырлы болғандықтан, өрт сөндіру жұмыстары айтарлықтай қиындап отыр. Кейбір учаскелерде құтқару қызметтері қолда бар техникамен өрт ошағына қажетті деңгейде жақындай алмайды», – деп Валлония билігі түсіндірді.

Жергілікті 600-ге жуық тұрғынды эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Бельгияның бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, әзірге өрт тұрғын үйлерге жеткен жоқ. Алайда қалыптасқан жағдайға байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Льеж провинциясының губернаторы Эрве Жамар қою түтін мен жел бағытының өзгеруіне байланысты тұрғындарға жексенбі күні үйлеріне қайтуға қатаң тыйым салынғанын хабарлады.

Өртті сөндіруге Нидерландтан екі Chinook тікұшағы тартылды. Тікұшақтар су алатын жергілікті су айдындарына тұрғындардың баруына уақытша шектеу қойылды.

Өрт сөндірушілер жалынның одан әрі таралуына жол бермеу үшін оны оқшаулауға күш салып жатыр. Өрт шебі үздіксіз алға жылжып, оның ені кей жерлерде бір шақырымға дейін жеткен.

Қорық Германия шекарасына жақын орналасқандықтан, бельгиялық өрт сөндірушілерге Германиядан келген мамандар да көмек көрсетуде. Сонымен қатар өртпен күреске азаматтық қорғау қызметінің мамандары, полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер жұмылдырылды. Өткен түннен бері жалпы саны 250-ден астам адам мен 50-ге жуық техника тартылды.

Биыл Бельгияда аптап ыстықтың үшінші толқыны тіркелген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ доллары негізгі әлемдік валюталарға қатысты айтарлықтай өзгерген жоқ

Бейсенбі таңертең АҚШ долларының негізгі әлемдік валюталарға шаққандағы бағамында елеулі өзгеріс байқалмады.

Иранда мұнай министрінен кейін Сыртқы істер министрін де қызметтен кетіру мәселесі көтерілді

Иран парламентінің бір топ депутаты Ислам Республикасының сыртқы істер министрі Аббас Аракчиді қызметінен босату бастамасын көтерді. Тиісті рәсімді бастау жөніндегі өтініш Мәжілісте тіркелген

Тәжікстан мен KOICA инвестиция және жаңа бірлескен жобаларды талқылады

Тәжікстанның Экономикалық даму және сауда министрі Абдурахмон Абдурахмонзода мен Корея Республикасының халықаралық ынтымақтастық агенттігі (KOICA, Korea International Cooperation Agency) Жаһандық көшбасшылар бағдарламасы департаментінің атқарушы директоры Ким Ён Ран сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, инвестиция тарту және жаңа бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

ЕО газ қоры әлі де орташа көрсеткіштен төмен

Еуропадағы жерасты газ қоймаларындағы қор 6 қазандағы газ тәулігінің қорытындысы бойынша 72,97%-ға дейін өсті. Бұл туралы Gas Infrastructure Europe (GIE) – Еуропаның газ инфрақұрылымы операторлары қауымдастығы хабарлады.