Евразия24ЖаңалықтарСемей полигоны жабылғанына 35 жыл: Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Семей полигоны жабылғанына 35 жыл: Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

|

|

Астана. 29 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне және Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай Қазақстан халқына үндеу жасады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Тоқаев бүгін әлем жұртшылығы Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнін атап өтіп жатқанын еске салды.

«Осыдан тура 35 жыл бұрын халықаралық ахуал күрделі кезеңде Семей ядролық полигоны жабылды. Ондаған жыл бойы жүргізілген сынақтар адам денсаулығы мен қоршаған ортаға орны толмас зардап әкеліп, халқымыздың тағдырында өшпес із қалдырды. Бұл күн ядролық сынақтардың қасіретті салдарын бүкіл адамзаттың есіне салып, мұндай жағдайдың енді қайталануына жол бермеуге үндейді», – делінген Президент үндеуінде.

Әлемдегі көлемі жағынан төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан Қазақстан бейбітшілік, қауіпсіздік пен орнықты дамуды таңдады.

«Жаңа Конституцияның кіріспесінде бекітілген барлық мемлекетпен бейбіт әрі достық қарым-қатынас орнатуға деген ұмтылыс Қазақстанның сыртқы саясатындағы айнымас қағида болып қала береді. Әлемдік антиядролық қозғалыстың белсенді көшбасшыларының бірі ретінде еліміздің ұстанымы өзгермейді. Біз ядролық державаларды келіссөз жүргізуге, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың тезірек күшіне енуіне және ядролық қаруды қолдану қаупін жою үшін халықаралық қауымдастықты бірлесіп, батыл әрекет етуге шақырамыз», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы атом энергиясы тек бейбіт әрі жасампаз мақсаттарға қызмет етуге тиіс екенін атап өтті.

1949 жылдан бері жұмыс істеген Семей ядролық полигоны 1991 жылғы 29 тамызда жабылды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Шанхай мен Гонконг биржаларында акциялар қымбаттады, ал Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 5,5%-ға құлдырады

Сейсенбі күні Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор биржаларындағы сауда әртүрлі нәтижемен аяқталды. Қытай мен Гонконгтың негізгі индекстері аздап өсті, Австралия нарығында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Ал Жапонияда акциялар едәуір арзандап, Оңтүстік Кореяның Kospi индексі микрочип өндіруші компаниялар акцияларының құлдырауы салдарынан 5%-дан астам төмендеді.

Оңтүстік Корея халықаралық санкцияларды сақтай отырып, Солтүстік теңіз жолы арқылы кеме қатынасын дамытпақ

Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён сейсенбі күні елдің Солтүстік теңіз жолын жүк тасымалы үшін кеңінен пайдалануға ниетті екенін мәлімдеді. Алайда бұл бағыттағы жұмыстар халықаралық санкцияларды қатаң сақтай отырып жүргізіледі.

Израиль Сауд Арабиясына хуситтерге қарсы әскери операцияға қатысуды ұсынған, алайда тақ мұрагері келіспеген

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ арқылы Сауд Арабиясына хуситтерге қарсы әскери операцияларға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізген. Алайда корольдіктің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бұл ұсынысты қабылдамаған. Бұл туралы «Гаарец» басылымы дипломатиялық дереккөзге сүйеніп хабарлады.

IndiGo әуе компаниясы 17 қазанға дейін Эр-Рияд, Жидда және Мединаға ұшатын рейстерін тоқтатты

Үндістанның IndiGo жеке бюджеттік әуе компаниясы өңірдегі ахуалдың шиеленісуіне байланысты 17 қазанға дейін Эр-Рияд, Жидда, Медина және Даммам қалаларына рейс орындамау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Hindustan Times басылымы хабарлады.