АСТАНА. 1 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) аясында мүше мемлекеттердің университеттері, ғылыми мекемелері мен технологиялық компанияларын біріктіретін жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды.
«ШЫҰ аясында мүше мемлекеттердің жетекші университеттері, ғылыми мекемелері мен технологиялық компаниялары қатысатын жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынамыз», — деді Тоқаев сейсенбі күні Бішкекте өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында.
Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы ШЫҰ елдерінен болып жатқан өзгерістерге бейімделумен шектелмей, заман талабынан озық шешімдер қабылдауды талап ететінін атап өтті.
«ШЫҰ мемлекеттерінің ғылыми және инновациялық әлеуеті зор. Сондықтан тәжірибе алмасумен ғана шектелмей, технологияларды бірлесіп әзірлеуге және осы саладағы біліктілікті арттыруға көшуге мүмкіндік бар. Осылайша, жасанды интеллектінің өзіндік экожүйесін кезең-кезеңімен қалыптастыруға болады. Қазақстан бұл бағыттағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді қолдайды», — деді Президент.
Тоқаев биыл Қазақстан Қытайдың бастамасымен құрылған Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі дүниежүзілік ұйымның құрылтайшылары қатарына қосылғанын еске салды.




