Евразия24ЖаңалықтарТоқаев ШЫҰ елдері арасындағы көлік байланысын жедел дамытуды ұсынды

Тоқаев ШЫҰ елдері арасындағы көлік байланысын жедел дамытуды ұсынды

|

|

АСТАНА. 1 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразияда заманауи көлік-логистика жүйесін жедел қалыптастырып, Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) көлік байланысын дамыту стратегиясын әзірлеуді ұсынды.

«Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» мегажобасын, Транскаспий халықаралық көлік бағытын, «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізін, сондай-ақ Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы келешегі зор сауда жолдарын өзара ұштастыруға ерекше мән береді. Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымының бүкіл аумағында көлік бастамаларын ілгерілетуге атсалысуға дайын», — деді Тоқаев сейсенбі күні Бішкекте өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында.

Мемлекет басшысы Қазақстан кеден рәсімдерін цифрландыруды, электронды құжаттарды өзара тануды, «жасыл дәліздер» қағидатын және басқа да заманауи тетіктерді енгізуді қолдайтынын атап өтті.

«Жүкті жөнелтілген жерінен соңғы алушыға дейін кедергісіз жеткізуді қамтамасыз ететін ШЫҰ-ның бірыңғай цифрлық транзит платформасын құру тиімді шешім болар еді. Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2035 жылға дейінгі көлік байланысын дамыту стратегиясын әзірлеп, қабылдауды ұсынамыз», — деді Тоқаев.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тимур  Турлов  шахматты  Олимпиада  ойындарының  бағдарламасына  енгізуді  көздеп  отыр

Халықаралық  шахмат  федерациясының  (ФИДЕ)  президенті  Тимур  Турлов  Jibek  Joly  телеарнасындағы  «Бүгін  LIVE»  бағдарламасына  берген  сұхбатында  әлемдік  шахматты  дамытудың  негізгі  міндеттеріне  тоқталды. 

Соғыс  аймағында  қалған  қазақстандықтар  елге  аман  оралды

Оннан  астам  қазақстандықтың  соғыс  жүріп  жатқан  аймаққа  тап  болғаны  қазан  айының  басында  белгілі  болды.  Заңгер  Мейрман  Шекеев  олардың  отбасыларына  жақындарын  елге  қайтару  мәселесінде  көмек  көрсетті.

Дәрігерлердің көмегімен 679 грамм болып туған сәби аман қалды

Қазақстанда  шала  туған  нәрестелердің  өмірін  сақтап  қалу  бағытында  қол  жеткізілген  нәтижелер  айтарлықтай  жоғары.  Дегенмен  медициналық  зерттеулерде  жүктіліктің  өте  ерте  кезеңінде  дүниеге  келген  балалардың  дамуында  түрлі  ауытқулар  болуы  мүмкін  екені,  сондай-ақ  олардың  бір,  үш  және  бес  жасқа  дейінгі  өміршеңдігіне  қатысты  қауіп  сақталатыны көрсетілген.

Тоқаев Атом энергиясы агенттігінің төрағасымен АЭС құрылысы мен саланы дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдап, атом саласын дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.