Евразия24Басты бетМұнай өнімдері нарығындағы тапшылық және Қазақстан

Мұнай өнімдері нарығындағы тапшылық және Қазақстан

|

|

 Қазір мұнай тапшылығынан гөрі мұнай өнімдерінің жетіспеушілігі әлдеқайда өзекті мәселеге айналды. Таяу Шығыста қарулы қақтығыстар қайта күшейгеннен кейін WTI маркалы мұнайдың бағасы барреліне 90 доллардан асты. Мұнай бұдан да қымбаттауы мүмкін еді, алайда АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы басталғалы Қытай көмірсутектерді бұрынғы көлемде сатып алмай отыр. Ал мұнай өнімдерінің тапшылығы күн өткен сайын күшейіп келеді. Бұл жағдай Қазақстанға да әсер етіп, елді геосаяси тұрғыдан күрделі жағдайға қалдырды.

Мұнай өнімдерін сатудан түсетін маржа апта сайын өсіп келеді. Бүгінде ол рекордтық деңгейге жетті. Қытай өзінің ішкі қорындағы мұнайды пайдаланып отырғандықтан (оның жалпы көлемі 1,2 млрд баррель), әлемдік нарықта шикі мұнай әзірге жеткілікті. Негізгі мәселе енді мұнай өңдеу саласында туындап отыр.

Мұнайдан орта фракциялы өнімдер — дизель отынын, авиаотынды және мазут өндіретін қуаттардың тапшылығы қазір анық сезіле бастады. Ал экономиканың көптеген саласының жұмысы дәл осы отын түрлеріне тәуелді.

Қазіргі шаруашылық жүйесінде дизель отыны өндіріс, тасымал және ауыл шаруашылығының негізгі тіректерінің бірі саналады. Алыс жолға жүк таситын көліктер, кемелер, ауыл шаруашылығы техникасы, шахта жабдықтары мен құрылыс машиналары — барлығы дерлік «орта дистиллят» деп аталатын мұнай өнімдерімен жұмыс істейді.

Қазақстанда сатып алынатын тауарлардың басым бөлігі тұтынушыға жеткенше кемінде бір рет дизельмен жүретін көлік арқылы тасымалданады. Сондықтан дизель мен бензин бағасындағы өзгеріс өндірушілердің шығынына да, жүк тасымалының құнына да тікелей дерлік әсер етеді.

АҚШ-та дизель отынының бөлшек саудадағы бағасы бір жыл бұрынғы деңгейден шамамен 40%-ға жоғары. Дизель отыны мен шикі мұнай бағасының айырмасы тарихта алғаш рет барреліне 100 доллардан асты. Еуропада да жағдай осыған ұқсас — айырма шамамен 70 долларды құрайды.

Мұның бәрі ұзақ уақыт бойы инвестиция жеткіліксіз бөлінген мұнай өңдеу саласындағы жағдайды одан әрі ушықтырып отыр. Оның үстіне қатар жүріп жатқан екі соғыс бұл салаға қосымша соққы болды. Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына жасалған шабуылдар Еуропа мен дамушы нарықтарға дизель жеткізетін негізгі көздердің бірін әлсіретті. Ормуз бұғазының жабылуы да мұнай өнімдері нарығындағы ұсынысты азайтып, тапшылықты күшейтті. Соның нәтижесінде дизельге қосылатын үстеме бензинге қарағанда жоғары деңгейге жетті.

Дизельдің қымбаттауы күнделікті тауарлардың бағасына тікелей әсер етеді. Өйткені өндіріс пен тасымалдың басым бөлігі осы отынға тәуелді. Дәлірек айтқанда, ақшаның құнсыздануы негізгі тауарларды қымбаттатады. Ал инфляцияның өсуі орталық банктерді энергия бағасының күрт көтерілуін ескеруге мәжбүр етеді. Мұнай өнімдерінің маржасы рекордтық деңгейде ұзақ сақталған сайын, базалық немесе есептік мөлшерлемені жоғары ұстауға негіз де көбейеді.

Отын тапшылығына байланысты Мәскеу Қазақстанға мұнай өңдеу зауыттарының қуатын пайдалануды ұсынды. Яғни Ресей Қазақстанға мұнай жеткізеді, Қазақстан оны өңдеп, жанар-жағармайды Ресейге жөнелтеді.

Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары әдетте толық қуатында жұмыс істемейді. Себебі мұнайды ел ішінде өңдегеннен гөрі шикі күйінде экспорттау тиімді. Алайда Ресейден нақты ұсыныс түскен тұста Павлодар, Атырау және Шымкенттегі ірі мұнай өңдеу зауыттарында техникалық ақаулар тіркелді. Өрт пен істен шығу жағдайлары жеке алғанда аса күрделі емес. Бірақ олардың бір мезгілде болуы бұл ұсынысты іске асыру қиындық тудыруы мүмкін.

Ақорда ЕАЭО мен ҰҚШҰ аясындағы стратегиялық одақтас әрі серіктес саналатын Ресейден де теріс айналған жоқ. Көпвекторлы саясаттың талабы осы. Сондықтан Ресейге жанар-жағармай жеткізуге Қазақстан атынан Батыс Қазақстан облысындағы «Конденсат» зауыты тартылды.

«Конденсат» зауытында әзірге мұндай «ескертулер» болған жоқ. Кәсіпорын шағын болғандықтан, қауіпсіздік талаптарын сақтау да жеңілірек болса керек. Зауыт жылына 850 мың тонна мұнай өңдейді. Мұндай көлем Ресейді отын тапшылығынан алып шыға алмайды. Есесіне Қазақстанның одақтас елге қолдау көрсеткенін білдіруге жеткілікті әрі қайталама санкцияларға ұшырау қаупін туғызбайды.

Мәскеу алдындағы одақтастық міндеттерін орындау Астана үшін саяси бедел тұрғысынан да маңызды. Осы арқылы Қазақстан Батысқа сыртқы саясатта дербес шешім қабылдай алатын орта держава екенін көрсетеді. Демек, Қазақстанмен келісімге келуге мүдделі тарап оның да мүддесін ескеріп, тиімді ұсыныс жасауы тиіс.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Атом энергиясы агенттігінің төрағасымен АЭС құрылысы мен саланы дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдап, атом саласын дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Францияда 24 қазандағы наразылық кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Францияның ішкі істер жөніндегі министр-делегаты Жан-Дидье Берже 24 қазанда өтетін наразылық акциялары кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға өткен аптадағы тәртіпсіздіктермен салыстырғанда көбірек полиция қызметкері жұмылдырылатынын мәлімдеді. Бұл туралы бейсенбі күні BFMTV телеарнасы хабарлады.

Франция Макронның президенттік өкілеттігі аяқталғаннан кейінгі кеңселеріне 2,3 млн еуро бөлмек

Францияның бюджет туралы заң жобасында елдің қазіргі президенті Эмманюэль Макронның қызметтен кеткеннен кейін пайдаланатын кеңселеріне 2,3 млн еуро бөлу қарастырылған. Бұл туралы бейсенбі күні Politico басылымы хабарлады.

Макрон Франциядағы тәртіпсіздіктердің мақсаты республикалық билікті құлату деп санайды

Франция президенті Эмманюэль Макрон бейсенбі күні премьер-министр Себастьен Лекорню мен арнайы қызмет өкілдерінің қатысуымен қауіпсіздік мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Бұл туралы Le Figaro басылымы хабарлады.