Евразия24Жаңалықтар«ҚазТрансОйл»: Қазақстан – Қытай мұнай құбырын кеңейтуге $327 млн қажет

«ҚазТрансОйл»: Қазақстан – Қытай мұнай құбырын кеңейтуге $327 млн қажет

|

|

АСТАНА. 3 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан – Қытай магистральдық мұнай құбырының жекелеген учаскелерін кеңейту құны $327 млн деп бағаланып отыр. Жобаны іске асыру үшін қарыз қаражатын тарту жоспарланған. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) материалдарында айтылған.

«ҚазТрансОйл» жүзеге асыратын жобалар аясында Кеңқияқ – Атырау мұнай құбырының өткізу қуатын жылына 15 млн тоннаға, Кеңқияқ – Құмкөл құбырын 20 млн тоннаға дейін арттыру көзделген.

«Алдын ала құны — 327 млн АҚШ доллары (176,7 млрд теңге). Қаржыландыру көзі — қарыз қаражаты», — делінген Қазақстан қор биржасының (KASE) алаңында өткен Эмитент күні барысында таныстырылған ҚТО презентациясында.

Жобаны іске асыру мерзімі — 2026-2030 жылдар. Оған «ҚазТрансОйл» АҚ, «Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы «МұнайТас» ЖШС (ҚТО — 51%, қытайлық CNPC — 49%) және «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС (ҚТО — 50%, қытайлық CNODC — 50%) қатысады.

Жоба аясында бес мұнай айдау станциясын салу жоспарланған.

Кеңқияқ – Атырау және Кеңқияқ – Құмкөл учаскелері Қазақстан – Қытай магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне кіреді.

Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы қытайлық CNPC компаниясымен бірлесіп аталған учаскелерді кеңейтудің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге кіріскенін хабарлаған.

Кеңқияқ – Құмкөл магистральдық мұнай құбыры Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасында 2004 жылғы 17 мамырда жасалған мұнай-газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелік келісімге сәйкес салынған. Құбыр 2009 жылы пайдалануға берілді. Ұзындығы — 794,2 км, жобалық қуаты — жылына 10 млн тонна мұнай.

Кеңқияқ – Атырау магистральдық мұнай құбыры 2003 жылы пайдалануға берілген. Ол Ақтөбе және Атырау облыстарының аумағы арқылы өтіп, мұнайды екі бағытта тасымалдауға мүмкіндік береді. Құбыр арқылы мұнай Өзен – Атырау – Самара және Каспий құбыр консорциумы бағыттарына жөнелтіледі. Сондай-ақ Батыс Қазақстан мұнайын Шымкент пен Павлодардағы отандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа тасымалдау қамтамасыз етіледі. Құбырдың жобалық қуаты — жылына 6 млн тонна.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Лаосқа Орталық Азия мен Еуропа нарықтарына шығу үшін Қазақстанның көлік дәліздерін пайдалануды ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Лаос Президенті Тхонглун Сисулит Астанада кеңейтілген құрамда келіссөз өткізіп, саяси, сауда-экономикалық және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы бейсенбі күні Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сербия Ресеймен газ жеткізу келісімін ұзартуға ниетті

Сербия Ресей газын тиімді бағамен жеткізу жөніндегі келісімшарттың ұзартылатынына үміттенеді. Бұл туралы Шығыс экономикалық форумы аясында «Интерфаксқа» «Сербиягаз» бақылау кеңесінің төрағасы Александр Вулин мәлімдеді.

ЕО-дағы жерасты газ қоймалары 65,63%-ға толды

Еуропадағы жерасты газ қоймаларындағы қор 1 қыркүйектегі газ тәулігінің қорытындысы бойынша 65,63%-ға дейін өсті, деп хабарлады Еуропаның газ инфрақұрылымы операторларының Gas Infrastructure Europe (GIE) қауымдастығы.

Қазақстанның қорғаныс және ішкі істер министрлері жаңа Үкімет құрамындағы қызметтерін сақтап қалды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Қосановты Қорғаныс министрі, Ержан Сәденовті Ішкі істер министрі қызметіне қайта тағайындады.