Евразия24ЖаңалықтарХуситтер Йеменнің Таиз провинциясындағы бірқатар аумақты бақылауына алды

Хуситтер Йеменнің Таиз провинциясындағы бірқатар аумақты бақылауына алды

|

|

ДУБАЙ. 4 қыркүйек. ИНТЕРФАКС — Йеменнің үкімет әскері елдің оңтүстік-батысындағы Таиз провинциясында бірқатар аумақты хуситтерге беріп қойды. Бұл аймақта түні бойы шайқас жүрді, деп хабарлады «Әл-Жазира» телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, үкімет әскері Таизге және одан батысқа қарай орналасқан Моха портты қаласына жүк жеткізетін негізгі жолға қауіп төніп тұр. Егер хуситтер негізгі жабдықтау жолын кесіп тастаса, портты да басып алуға әрекет жасауы мүмкін, деп есептейді сарапшылар.

Сонымен қатар «Анадолу» агенттігінің хабарлауынша, үкіметті қолдайтын Ұлттық қарсыласу күштері стратегиялық маңызы бар жағалаудағы Ходейда провинциясының оңтүстігінде хуситтермен кескілескен шайқас жүргізіп жатыр.

Өз кезегінде үкімет әскері Йеменнің солтүстігіндегі Әл-Джауф провинциясында хуситтердің позицияларына тұтқиылдан шабуыл жасап, олардың күштері шоғырланған аумақтар мен қару-жарақ қоймаларына соққы берді. Әскерилер реактивті снарядтар мен дрондарды қолданды.

Йемендегі қақтығыс 2014 жылы басталды. 2022 жылдан бері елде салыстырмалы тыныштық сақталған еді. Алайда шілде айының басынан үкімет әскері мен хуситтер арасындағы шайқастар елдің бірқатар өңірінде қайта күшейді. Олардың қатарында Йеменнің орталығындағы Мариб, солтүстігіндегі Әл-Джауф, оңтүстік-батысындағы Ад-Дали мен Таиз провинциялары бар.

Бұған қоса, шілде айында хуситтер Йемен порттарының қоршауға алынуына және Сана халықаралық әуежайына жасалған шабуылға жауап ретінде Сауд Арабиясына теңіз блокадасын жариялады. Ол Сауд Арабиясының порттарына бағыт алған және олардан шыққан барлық теңіз көлігіне қатысты. Хуситтердің әрекетінен Сауд Арабиясы кемелерінің Баб-эль-Мандеб бұғазы арқылы өтуі айтарлықтай қиындады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ресейде босатылған Хаббард мінген ұшақ АҚШ-қа жетті

Ресейде қамаудан босатылған АҚШ азаматы Стивен Хаббард мінген болуы мүмкін ұшақ Техас штатына қонды. Бұл туралы CBS News телеарнасы хабарлады.

Еуропа биылғы маусымда алғаш рет жерасты қоймаларынан газ ала бастады

Еуропада ауа райының әдеттегіден ерте суытуына байланысты жылытуға жұмсалатын газ көлемі артып келеді. Соның салдарынан қысқа дайындық үшін газ қорын жинақтау қарқыны бәсеңдеді. Қазіргі ауа райы болжамына сәйкес, осы аптада орташа температура аталған кезеңге тән климаттық нормадан 2 градус Цельсийге төмен болады.

SpaceX пен Super Micro акцияларының қымбаттауы АҚШ қор нарығына серпін берді

Сәрсенбі күні АҚШ-тың негізгі қор индекстері айтарлықтай өсіммен сауданы аяқтады. Бұған ірі компаниялардың тоқсандық қаржылық есептеріндегі оң нәтижелер ықпал етті.

Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қор индекстері төмендеп жатыр

Бейсенбі күнгі сауда барысында Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қор нарықтарының негізгі индекстері төмендеді.