Евразия24Таңдаулы жаңалықтарБРИКС саммитінде Нью-Дели декларациясы қабылданды

БРИКС саммитінде Нью-Дели декларациясы қабылданды

|

|

Reporter мәліметінше, көлемі 45 беттен тұратын құжатқа 140 тармақ енген. Онда БРИКС елдерінің халықаралық қауіпсіздік, қақтығыстардың алдын алу, әлемдік сауда, энергетика, жаһандық институттарды реформалау және басқа да мәселелер жөніндегі ұстанымдары қамтылған. «Бірде-бір мүше ел қарсылық білдірген жоқ. 2026 жылғы Нью-Дели декларациясы бірауыздан қабылданды», – деді Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди. Декларация екі күндік саммиттің алғашқы күнінде қабылданды. Басылымның жазуынша, ортақ мәлімдеменің мәтінін келісу оңайға соқпаған. Тараптар таңғы сағат 04:00-ге дейін келіссөз жүргізген. 2026 жылы БРИКС-ке төрағалық етіп отырған Үндістан Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысты БАӘ мен Иран арасындағы келіспеушіліктерді реттеуге атсалысты. Бұған дейін БРИКС елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі ортақ келісімге келе алмай аяқталған еді.

 

Еуразия24 пікірі:

БРИКС елдері мына бағыттар бойынша ортақ ұстанымға келді:

  • терроризмге қарсы күрес;
  • заңсыз қаржы ағындарына, есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл;
  • қақтығыстардың алдын алу;
  • Дүниежүзілік сауда ұйымына негізделген көпжақты сауда жүйесін қолдау;
  • энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • ұлттық валюталармен есеп айырысуды дамыту;
  • БҰҰ-ны, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін реформалауды қолдау;
  • әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту;
  • спорт саласындағы ынтымақтастықты дамыту.

Қазақстан 2025 жылы 1 қаңтардан бері БРИКС-тің серіктес елі саналады. Еліміз әуел бастан ұйым аясындағы практикалық ынтымақтастыққа, соның ішінде сауда, инвестиция, көлік байланысы, энергетика, цифрландыру және инновация салаларына басымдық беріп келеді. Бұл бағыттар БРИКС-тің қазіргі күн тәртібімен толық сәйкеседі.

Осы тұрғыдан алғанда, Нью-Дели декларациясы Қазақстанға өз мүдделерін ілгерілетуге және серіктес елдермен байланысты кеңейтуге мүмкіндік беретін тағы бір дипломатиялық алаң қалыптастырады.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.