Евразия24Таңдаулы жаңалықтарБюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігі азаймай тұр

Бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігі азаймай тұр

|

|

Kursiv мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы сегіз айында республикалық бюджет тапшылығы 2,683 трлн теңгеге жеттіЖоспарда осы кезеңге 2,929 трлн теңге қарастырылған еді. Нақты көрсеткіш жоспардан 246,6 млрд теңгеге төмен болды. Бұл деректер 1 қыркүйектегі республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепте келтірілген. Қыркүйек айының басында мұнайға қатысы жоқ түсімдерді есептемегендегі бюджет тапшылығы 6,32 трлн теңгеге жетті. Жоспар бойынша бұл көрсеткіш 6,43 трлн теңге болуы тиіс еді. 2026 жылға бекітілген бюджетте жалпы тапшылық 4,595 трлн теңге, ал мұнай кірістерін есептемегендегі тапшылық 9,059 трлн теңге көлемінде белгіленген. Осылайша, сегіз айдың ішінде жылдық меженің шамамен 58%-ы орындалған. Есепті кезеңде республикалық бюджетке 14,82 трлн теңге кіріс түсіп, шығын 16,97 трлн теңгені құрады. Яғни шығын кірістен шамамен 2,15 трлн теңгеге асып түсті. Бюджет қаржысының ең үлкен бөлігі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалды. Бұл мақсатқа 4,49 трлн теңге бөлінді. Бұл – есепті кезеңге қарастырылған қаржының 99,95%-ы. Қомақты шығынның тағы бірі мемлекеттік қарызды өтеуге және оған қызмет көрсетуге тиесілі. Қаңтар–тамыз аралығында осы мақсатқа 2,62 трлн теңге жұмсалған. Оның басым бөлігі қарыздар бойынша сыйақы төлеуге кеткен.

 

Еуразия24 пікірі:

Бір қарағанда, алаңдайтындай ештеңе жоқ. Республикалық бюджет тапшылығы белгіленген межеден асқан жоқ, бәрі жоспар аясында. Триллион теңгеге жеткен тапшылықтың өзі көңілге күдік ұялатады. Мұнай кірістерін есептемегендегі тапшылық бұдан да көп ойға жетелейді. Сегіз айда ол 6,32 трлн теңгеге жетті. Ал жылдық жоспар – 9,059 трлн теңге. Демек, жылдың үштен екісі өткенде жылға қарастырылған көлемнің шамамен 70%-ы игеріліп қойған. Бұл бюджет кірісінің мұнайдан түсетін қаржы мен трансферттерге қаншалықты тәуелді екенін анық көрсетеді. Мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуге кеткен қаржы да аз емес. Сегіз айдың өзінде оған 2,62 трлн теңге жұмсалды. Бұл – 2026 жылға жоспарланған республикалық бюджет тапшылығының жартысынан астамы. Оның үстіне бұл соманың ішінде тартылған қарыз үшін төленетін пайыздар да бар. Бюджет шығынының өсуі де алаңдатады. Қарызға қызмет көрсету қымбаттап жатқанда шығыстың қатар ұлғаюы мемлекеттік қаржыға түсетін салмақты одан әрі арттырып отыр.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.