Евразия24ЖаңалықтарФинляндия Францияның ядролық тежеу бастамасына қосылды

Финляндия Францияның ядролық тежеу бастамасына қосылды

|

|

ХЕЛЬСИНКИ. 14 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Финляндия Франция ұсынған ядролық тежеу бастамасына қосылатынын мәлімдеді. Бұл туралы ел президентінің кеңсесі мен Қорғаныс министрлігі хабарлады.

«Финляндия ядролық тежеу бастамасына қосылуға шешім қабылдады. Бұл шешім екі елдің де халықаралық міндеттемелеріне қайшы келмейді. Сонымен қатар Еуропаның қауіпсіздігін нығайтып, Финляндия мен Франция арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді. Бастама жағдайдың ядролық қақтығысқа ұласпай тұрып ушығуына жол бермеуге бағытталған», – делінген мәлімдемеде.

Алдағы бірнеше айда тараптар ынтымақтастықты жолға қою үшін арнайы жұмыс тобын құрады.

Финляндия президенті Александр Стубб бастаманың ең алдымен Еуропаның қауіпсіздігін нығайтуға бағытталғанын айтты.

«Осы арқылы Еуропа өз қорғанысына көбірек жауапкершілік алып, шиеленістің өршуіне жол бермеуге мүмкіндік алады. Финляндия бейбіт уақытта өз аумағына ядролық қару орналастырмайды», – деп Александр Стубб әлеуметтік желіде жазба қалдырды.

Қорғаныс министрі Антти Хяккяненнің айтуынша, ынтымақтастық аясында Францияның стратегиялық әскери-әуе күштері Финляндия аумағына уақытша келуі мүмкін.

«Ынтымақтастық әр мемлекеттің мүддесіне қарай жүзеге асырылады. Мәселен, тараптар Францияның ядролық қаруға қатысты доктринасын талқылап, бірлескен оқу-жаттығулар өткізе алады. Серіктес мемлекет мұндай жаттығуларға бақылаушы ретінде қатысуы немесе кәдімгі қару-жарақпен өз күштерін жұмылдыруы мүмкін. Қажет болған жағдайда Францияның стратегиялық әскери-әуе күштері одақтас мемлекеттің аумағында уақытша болуы да қарастырылған», – деді Хяккянен.

Министр бұл бастамаға қатысу елдердің халықаралық міндеттемелерін бұзбайтынын атап өтті. Оның сөзінше, Ядролық қаруды таратпау туралы шарт пен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың талаптары бұрынғыдай сақталады.

Хяккянен Финляндияның бастамаға қосылуын қалыпты қадам деп санайды. Өйткені оған Финляндияға жақын орналасқан Норвегия, Швеция және Дания бұған дейін қосылып қойған.

Финляндия бұл мәселе жөнінде Франциямен жоғары саяси деңгейде, сондай-ақ екі елдің мемлекеттік органдары арасында жабық келіссөздер жүргізген. Бірлескен декларацияға қол қойылғаннан кейін ынтымақтастықты қалай жүзеге асыру керектігі мемлекеттік органдар деңгейінде нақтыланады.

Франция президенті Эмманюэль Макрон 2 наурызда Еуропаның өзге мемлекеттері де қосыла алатын ядролық тежеу жүйесін ұсынған еді. Оның жоспарына сәйкес, Франция қажет болған жағдайда ядролық тежеуге қатысы бар стратегиялық күштерін еуропалық одақтастарының аумағына уақытша орналастыра алады.

Алайда ядролық қаруға қатысты түпкілікті шешімді Франция президенті ғана қабылдайды.

Бастамаға алғаш болып сегіз ел – Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Грекия, Дания, Нидерланд, Польша және Швеция қосылған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Германия Қытайға экономикалық тәуелділікті азайтудың жаңа шараларын әзірлеп жатыр

Германия билігі Еуроодақ экономикасының стратегиялық маңызы бар салаларының Қытайға тәуелділігін азайтуға бағытталған бірқатар шара әзірлеп жатыр. Бұл туралы Bloomberg дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Еуропа биржаларында индекстердің басым бөлігі төмендеді

Дүйсенбіде Еуропаның негізгі қор индекстерінің басым бөлігі төмендеп жатыр. Тек Ұлыбритания нарығында өсім байқалды. Өңірдегі ірі компанияларды қамтитын Stoxx Europe 600 индексі Мәскеу уақытымен 12:49-да 0,3%-ға төмендеп, 637,19 тармақ болды.

Йемен билігі хуситтердің шабуылына Иранның «Кудс» күштерінің командирі көмектесті деп санайды

Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) «Кудс» арнайы жасағы командирлерінің бірі, қаржы мәселелеріне жауапты Абдула Реза Шахлаи хуситтердің Йеменнің батыс жағалауындағы шабуылын ұйымдастыруға тікелей қатысқан. Бұл туралы The National дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Хуситтер Сауд Арабиясындағы әскери әуе базасына соққы бергенін мәлімдеді

Йемендегі «Ансар Аллах» қозғалысы (хуситтер) Сауд Арабиясының оңтүстік-батысындағы Король Халид атындағы әскери әуе базасына ауқымды шабуыл жасағанын мәлімдеді.