Евразия24ЖаңалықтарГренландияда АҚШ-тың 150-ге жуық әскери қызметкері бар

Гренландияда АҚШ-тың 150-ге жуық әскери қызметкері бар

|

|

Вашингтон. 19 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Қазір Гренландияда тұрақты орналасқан АҚШ әскери контингентінің құрамында шамамен 150 әскери қызметкер бар. Бұл Пентагон деректерінде көрсетілген.

АҚШ Ғарыш күштері мен Әскери-әуе күштерінің әскери қызметшілері Гренландиядағы жалғыз америкалық әскери нысан – Питуффик базасында (бұрынғы Туле) қызмет етеді. База аралдың солтүстік-батысында, Поляр шеңберінен 1118 шақырым, ал Солтүстік полюстен 1524 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл – Пентагонның ең солтүстіктегі әскери нысаны.

Питуффиктегі АҚШ Ғарыш күштерінің бөлімшелері зымыран шабуылын ерте анықтау және ғарыш кеңістігін бақылау міндеттерін атқарады. Пентагон мәліметінше, базада фазаланған антенналық торы бар радар орнатылған. Ол құрлықаралық және теңізден ұшырылатын баллистикалық зымырандарды анықтап, ықтимал шабуылды бағалауға қажетті ақпарат береді. Бұл жүйе стратегиялық ескерту мен зымыранға қарсы қорғаныстың бір бөлігі саналады.

Радар мен радиолокациялық станциялар желісі Жер маңындағы орбитадағы түрлі нысандарды бақылап, олардың сипаттамаларын анықтауға да мүмкіндік береді. Базада терең су айлағы және ұзындығы 3 шақырым болатын ұшу-қону жолағы бар әскери әуежай орналасқан.

Қырғи-қабақ соғыс кезінде Гренландиядағы АҚШ әскерінің саны 10 мыңға дейін жеткен. Ол кезде аралда кемінде 17 америкалық әскери нысан, негізінен радиолокациялық бекеттер, спутниктік станциялар мен әуе базалары болған. Дания билігінің мәліметінше, қазір олардың көбі қараусыз қалған және қайта іске қосуға жарамайды.

1951 жылы Дания мен АҚШ арасында мерзімсіз қорғаныс келісімі жасалған. Соған сәйкес, АҚШ Гренландияда жаңа әскери базалар салып, қосымша күш орналастыра алады.

Өткен жұмада АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Дания және оның автономиялық аумағы Гренландиямен қауіпсіздік саласында жаңа мерзімсіз келісімге келгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ жақын арада аралдың қолайлы бірнеше аймағына әскери күш орналастыра бастайды. Дегенмен мұндай мүмкіндік 1951 жылғы келісімде де қарастырылған.

The Wall Street Journal дереккөздерінің мәліметінше, жаңа келісім АҚШ-қа Гренландиядағы әскери нысандарға тұрақты қол жеткізуге, жаңа базалар мен инфрақұрылым салуға, сондай-ақ биліктен әр жолы жеке рұқсат алмай-ақ арал үстінен әскери ұшақтар ұшыруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Трамп «Алтын күмбез» зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі аясында Гренландияға зымырандарды ұстап қалатын кешендер орналастыру жоспары бар екенін айтқан. Олардың нақты қай жерде орналасатыны әзірге белгісіз.

Аляска университетінің Арктикалық қауіпсіздік және тұрақтылық орталығының директоры Трой Буффардың пікірінше, АҚШ әскери күшін көбейту үшін Питуффик базасының маңы қолайлы болуы мүмкін. Қазір бұл аумақта зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі жоқ және база жеткілікті қорғалмаған. Сондықтан оның маңына қысқа және орта қашықтықтағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін орналастыру да қарастырылуы ықтимал.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп жеңілісінен кейін АҚШ саясаты қалай өзгереді?

 АҚШ-та өткен аралық сайлау Республикалық партия кандидаттарының ойсырай жеңілуімен аяқталды. Демократиялық партия Сенат пен Өкілдер палатасының екеуінде де басымдыққа ие болды. Штат губернаторларын сайлау нәтижелері әзірге толық шығарылған жоқ. Дегенмен бұл сайлауда да демократтардың айтарлықтай басымдыққа қол жеткізетініне күмән жоқ. Енді Трамптың саяси қарсыластары оның ішкі және сыртқы саясаттағы бастамаларына заңнамалық деңгейде тосқауыл қоюға толық мүмкіндік алды. Республикашылардың жеңіліске ұшырауының себебі айқын: президенттік мерзімінің алғашқы екі жылында Трамп сайлаушылардың үмітін жүйелі түрде ақтамады. Ол 2024 жылғы президент сайлауына нақты міндеттерді жүзеге асыруға уәде беріп қатысқан еді. Атап айтқанда:

Қазақстан мұнай өндірісінің көлемін көбейтуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2027 жылы мұнай өндіру көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. «Әзірге (2026 жылы – ҚазТАГ) жоспарға сай жұмыс істеп жатырмыз. Биыл 96 млн тонна мұнай өндіру көзделген. Келесі жылдың көрсеткішін қазір нақтылап жатырмыз.

Каспийдегі әскери қызметшілердің өлімі: Бас прокуратура тергеу барысын жариялады

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты ІІМ-нің әскери-тергеу органдары қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.

Жекпе-жек чемпионы Ұлттық ұланның арнайы жасағына қабылданды

Бүркіт» арнайы жасағына тұңғыш рет әйел әскери қызметші қабылданды. «Китана» лақап атымен танылған Қымбат бұған дейін халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын қорғап келсе, енді еліміздегі ең таңдаулы арнайы жасақтардың бірінің жауынгері атанды.