Евразия24ЖаңалықтарПәкістан Иранмен энергия тасымалы мен кеме қатынасы мәселесін талқылады

Пәкістан Иранмен энергия тасымалы мен кеме қатынасы мәселесін талқылады

|

|

Дубай. 19 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Исхак Дар Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесіп, энергия ресурстарын жеткізу мен теңіз арқылы жүк тасымалына кедергі келтірмеу қажеттігін айтты. Бұл туралы Dawn басылымы Пәкістан СІМ мәлімдемесіне сүйеніп хабарлады.

«Дар энергия ресурстарының үздіксіз жеткізілуі мен кемелердің қауіпсіз әрі жедел өтуінің маңызын атап өтті. Бұл мәселелер әсіресе дамушы елдер мен жаһандық жеткізу тізбектеріне тікелей әсер етеді», – делінген хабарламада.

Пәкістан СІМ басшысы өңірдегі жағдайды тұрақтандырудың жалғыз жолы – диалог пен дипломатия екенін айтты. Дар мен Аракчи келесі аптада Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының саммиті аясында кездесуге келісті.

Сенбі күні Пәкістан СІМ Тегеран мен Вашингтон арасындағы байланыстарға арағайын болып отырғанын да мәлімдеді. Исламабад тараптар арасындағы келіспеушіліктерді реттеп, АҚШ пен Иранның өзара түсіністік туралы меморандумына қайта оралуына ықпал етуге күш салып жатыр.

Өңірдегі кеме қатынасына қатысты алаңдаушылық хуситтер бір апта бұрын Йеменнің Қызыл теңізге шығатын жағалау бөлігін және Баб-эль-Мандеб бұғазын бақылауға алғаннан кейін күшейді. Қазір хуситтер енгізген шектеу тек Сауд Арабиясының кемелеріне қатысты.

Сонымен қатар өткен дүйсенбіге жоспарланған Иран мен Парсы шығанағы елдерінің кездесуі өтпей қалды. Тараптар онда Ормуз бұғазындағы дағдарысты реттеу мәселесін талқылауы тиіс еді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда жүк көліктерінің жол жүру ақысын төлеу тәртібі өзгеруі мүмкін

Қазақстан Үкіметі коммерциялық жүк көліктерінің автомобиль жолдарымен жүру ақысын төлеу тәртібін өзгертуді қарастырып жатыр. Жаңа ұсыныстардың қатарында жылдық абонемент енгізу және тарифтерді саралау бар. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

ЕО-дағы жерасты газ қоймалары 73,75%-ға толған, газды тұтыну қарқыны әдеттегіден жоғары

Еуропадағы жерасты газ қоймаларындағы қор 4 қарашадағы газ тәулігінің қорытындысы бойынша 73,75%-ға дейін азайды. Бұл туралы Еуропаның газ инфрақұрылымы операторларының Gas Infrastructure Europe (GIE) қауымдастығы хабарлады.

АҚШ доллары әлемнің негізгі валюталарына шаққанда нығайып келеді

Жұма күні таңертең АҚШ долларының еуроға, британ фунтына және жапон иенасына шаққандағы бағамы көтеріліп жатыр.

Уолл-стритте акциялар күрт арзандады, Nasdaq кейінгі бір жарым жылдағы ең үлкен құлдырауға ұшырады

Бейсенбі күнгі саудада АҚШ-тың негізгі қор индекстері күрт төмендеді. Атап айтқанда, Nasdaq индексі 5%-дан астам құлдырап, 2025 жылғы сәуірден бергі ең үлкен шығынмен сауданы аяқтады.