Евразия24Не болдыИнвесторларды қорғау комитеті Wildberries ісіне араласты

Инвесторларды қорғау комитеті Wildberries ісіне араласты

|

|

Компания Қазақстанда өзінің ірі логистикалық жобаларын салып үлгермей жатып, қылмыстық істің ортасынан бір-ақ шықты.

2026 жылғы 4 тамызда Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев  Wildberries компаниясының Астана мен Алматыда жалпы аумағы шамамен 260 мың шаршы метр болатын екі логистикалық кешен салатынын мәлімдеді. Нысандарды 2027 жылдың I тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған.

Алайда көп ұзамай Бас прокуратурадан Алматыдағы құрылыс алаңында дау туындағаны туралы күтпеген хабар тарады .

«Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті Алматыда ірі логистикалық орталық салу жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқан Wildberries компаниясының құқықтарын қорғауды қамтамасыз етті. Жедел әрекет етудің арқасында инвесторды қылмыстық процеске негізсіз тартуға жол берілмей, жобаға төнген тәуекелдер жойылды. Инвестордың салынып жатқан нысан аумағында тінту жүргізіліп, техникаға мөр басылғаны туралы өтініші араласуға негіз болды. Мұндай тергеу әрекеттері инвестициялық жобаны одан әрі жүзеге асыруға қауіп төндірген. Комитеттің тапсырмасы бойынша Алматы қаласының прокуратурасы қылмыстық істің тіркелу заңдылығы мен қабылданған процестік шешімдерге жан-жақты тексеру жүргізді», – делінген хабарламада.

Мәселенің мәнісі – құрылысты жүргізіп жатқан мердігер мен қосалқы мердігердің өзара келіспеушілігінде болып шықты. Алайда бастапқыда азаматтық-құқықтық сипатта болған мәселе кейін қылмыстық іс аясындағы тергеуге ұласқан. Шамасы, Wildberries-ке арналған қойманы салып жатқандар қатардағы мердігерлер емес секілді – тараптар арасындағы жанжал ақыры прокуратураның араласуына дейін жеткен.

«Комитеттің үйлестіруімен Алматы прокуратурасының жедел араласуы нәтижесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысының өзінде инвестордың құқықтары қорғалып, жобаның одан әрі жүзеге асуына кері әсер етуге жол берілмеді. 2026 жылғы 2 қыркүйекте қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Сонымен қатар кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі көтерілді», – деді Комитет прокуроры Рауан Әлмішев.

Қазақстанның күштік құрылымдары бизнеске қатысты мәселелерге қылмыстық іс қозғау арқылы араласатын бұрынғы әдетінен әлі де толық арыла қоймағандай әсер қалдырады. Өйткені Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстанда инвесторларға заңсыз қысым көрсету әрекеттерінің жолы кесілгені туралы тұрақты түрде хабарлап келеді.

Уақыт өте келе құқық қорғау органдары мен өзге де лауазымды тұлғалардың бір-біріне қатысы жоқ мәселелерді араластырып, дауды қылмыстық іске айналдыруға бейімділігі де басылар деп ойлаймыз. Ал әзірге инвесторлардың құқықтарын қорғау институтының қалай қалыптасып жатқанын бақылап отырмыз.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстанның Армениямен мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға ниетті екенін растады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения басшылығын тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтап, екі ел арасындағы мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға Қазақстанның мүдделі екенін білдірді.

Инфляцияны нысаналы деңгейге түсіру экономикаға ауыр тиеді

Федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) ұсыныс тарапынан жиілеп, ұзаққа созылып отырған күйзелістердің инфляцияны үдететін әсерін елеусіз қалдыра алмайды. Оған қарсы қабылданатын шаралар экономикаға ауыр тиюі мүмкін, деп мәлімдеді Чикаго Федералдық резерв банкінің (ФРБ) президенті Остан Гулсби.

АҚШ доллары еуро мен фунтқа қатысты тұрақты

Дүйсенбідегі сауда барысында АҚШ долларының еуро мен фунт стерлингке қатысты бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ, ал иенаға шаққанда нығайып келеді.

McLaren Ұлыбританиядағы өндірісін кеңейтуге 500 млн фунт инвестиция салып, тұңғыш SUV моделін шығарады

Британдық спорттық автокөлік өндіруші McLaren Automotive Ұлыбританиядағы өндірісін ұлғайтып, жаңа модельдер шығаруға 500 млн фунт стерлинг ($675 млн) жұмсамақ. Компания сондай-ақ өз тарихында алғаш рет жол талғамайтын көлік шығаруды жоспарлап отыр.