Евразия24Не болдыАлматыда жылан шаққан балаға қатысты жағдай қоғамда қызу талқылануда

Алматыда жылан шаққан балаға қатысты жағдай қоғамда қызу талқылануда

|

|

21 қыркүйекте БАҚ-та жылан шаққан балаға дәрігерлер көмектесе алмай жатыр деген ақпарат тарады.

«АЛМАТЫ, біздің қалада сұржылан шаққанда салатын бірде-бір сарысу жоқ екенін білесіздер ме?? Достарымыздың баласын жылан шағып алды. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл препаратты шұғыл іздеп жатырмыз. Осы жазбаны таратуға көмектесулеріңізді сұраймын. Препарат туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер, кез келген ақшаға сатып алуға дайынбыз. Қазір ең бастысы – баланы аман алып қалу. Алғашқы дозасын Өзбекстаннан жеткізді, бірақ ол жеткіліксіз болды», – деп Newtimes.kz Threads желісіндегі Kukuzhika лақап атымен тіркелген қолданушының жазбасынан үзінді келтіреді.

Эмоцияға толы жазбада Алматы дәрігерлеріне жылан уына қарсы сарысудың жоқтығына байланысты кінә тағылған.

Кейін Tengri Health редакциясы осы жағдайға қатысты Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасынан түсініктеме алды.

«Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 19 қыркүйекте 11 жастағы қыз бала тауда серуендеп жүргеннен кейін Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілген. Ата-анасы баланы нақты қандай жануар немесе жәндік шаққанын анықтай алмаған. Ауруханаға түскен кезде қыздың көз айналасы мен жылан шаққан сол жақ табаны ісінген, сонымен қатар әлсіздік пен ұйқышылдық байқалған. Мамандардың айтуынша, тексеруден кейін науқас жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер баланы сұржылан шаққанын растамайды, алайда мұндай мүмкіндікті де жоққа шығармайды. Біздің мәліметімізше, Алматыда жылан шағуы мүмкін деген күдікпен тіркелген алғашқы жағдай осы. Белгілері мен ықтимал қауіп ескеріліп, балаға жылан уына қарсы сарысудың бір дозасы егілген. Денсаулық сақтау басқармасы сарысу Өзбекстаннан арнайы алдырылды деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Бала ауруханаға түскен кезде қажетті препарат стационарда болған және қазір де жеткілікті мөлшерде бар», – деп жазады БАҚ қалалық денсаулық сақтау органдарына сілтеме жасап.

Сондай-ақ сарысу егілгеннен кейін баланың жағдайы жақсарғаны хабарланды. Қосымша дозаларды енгізу қажеттілігі медициналық көрсетілімдерге қарай шешіледі.

Бұл жолы жағдай басқаша өрбіді. Әлеуметтік желі қолданушысының жанайқайын орынды, ал келтірген деректерін шындыққа сай деп қабылдауға болар еді. Бірақ кейін автордың бастапқы жазбасы өшірілгені анықталды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Қазақстанда мұндай жағдайлар жиі кездеседі: азаматтар мәселенің мән-жайын толық анықтамай немесе оның ауқымын асыра бағалап, қоғам назарын аударуға тырысады. Дегенмен мұның да өзіндік себебі бар. Өйткені кейде дәл осындай қоғамдық резонанс шұғыл шешуді қажет ететін мәселелерге жедел назар аудартып, тиісті шаралардың қабылдануына ықпал етеді. Жылан шаққан балаға қатысты жағдайда да осылай болуы әбден мүмкін.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ұрпақтар сабақтастығы мен өшпес ерлік: Павлодарда Қазақстан мен Ресейдің тарихи мұраны сақтаушылар мен іздестірушілері бас қосты

2026 жылы 30 қазанда Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының күніне және Ұлы Отан соғысы басталуының 85 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті. Ауқымды жиынға Қазақстан мен Ресейдің іздестіру қозғалысының өкілдері, білім беру мекемелері, музейлер мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты. Конференция қонақтарының қатарында вице-консул, Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі басшысының орынбасары және Ресейдің Өскемендегі Бас консулдығының үшінші хатшысы болды.

Иран Ресеймен бірлескен жобалар АҚШ қысымына төтеп беруге көмектеседі деп есептейді

Иран мен Ресейдің бірлескен жобалары Тегеранға халықаралық қысымға, әсіресе АҚШ тарапынан жасалатын қысымға қарсы тұруға мүмкіндік береді. Бұл туралы жұма күні Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Әли Багери мәлімдеді.

Германия KNDS қорғаныс компаниясының 50% үлесін шамамен 6,5 млрд еуроға сатып алмақ

Германия француз-герман KNDS қорғаныс компаниясының жартысын шамамен 6,5 млрд еуроға сатып алмақ. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

ЕО көшбасшылары Дублиндегі саммитте Украина бойынша келіссөздерге Еуроодақ атынан кім қатысатынын талқылайды – БАҚ

Еуроодақ елдерінің мемлекет және үкімет басшылары 13 қарашада Дублинде өтетін бейресми саммитте Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздерде Еуропаның атынан кім өкілдік етуге тиіс екенін талқылайды. Бұл туралы жұма күні Politico басылымы жазды.