Евразия24ЖаңалықтарАлматыда су қымбаттамақ

Алматыда су қымбаттамақ

|

|

Almaty Today хабарлайды: ««Алматы Су» мәліметінше, 1 қазаннан бастап Алматыда тұрғындар, бизнес және мемлекеттік ұйымдар үшін су тарифтері өзгереді. Тұрғындар үшін бір текше метр судың бағасы 178,06 теңге, ал кәріз қызметі 119,46 теңге болады. Қосылған құн салығын есептегенде жалпы төлем бір текше метрге 297,52 теңгені құрайды. Бизнес үшін бір текше метр судың тарифі 362,18 теңге, кәріз қызметі 264,75 теңге болады. ҚҚС-ты қосқанда жалпы құны – 626,93 теңге. Мемлекеттік ұйымдар үшін су тарифі бір текше метрге 649,60 теңге, кәріз қызметі 189,14 теңге болып белгіленген. ҚҚС-пен бірге жалпы төлем 838,74 теңгені құрайды».

 

Еуразия24  пікірі:

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2025 жылы Алматыда сумен жабдықтаудың орташа тарифі бір текше метрге 135,24 теңге, ал кәріз қызметі 83,54 теңге болған. Екеуін қосқанда – 218,78 теңге. Қазан айынан бастап бұл сома 297,52 теңгеге дейін өседі. Яғни су мен кәріз қызметі шамамен 36%-ға қымбаттайды.

Айына 10 текше метр су пайдаланатын отбасы сумен жабдықтау мен кәріз қызметіне 2 975 теңге төлейді. 15 текше метр пайдаланса – 4 463 теңге, 20 текше метр болса – шамамен 5 950 теңге. Бұл тек суық су мен кәріз қызметінің ақысы. Ал коммуналдық төлем түбіртегінде бұдан бөлек электр энергиясы, жылу, газ, ыстық су, үйді күтіп ұстау және басқа да шығындар бар.

Әрине, коммуналдық инфрақұрылымды жөндеу қажет пе деген сұрақ туындамайды – оны жаңғырту керек. Мәселе басқада: жылдар бойы қордаланған тозудың шығынын тұтынушы қанша рет өтеуге тиіс?

Коммуналдық қызметтердің қымбаттауы «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында жүріп жатыр. Тұтынушылардан түсетін қаражат көбейген сайын желілерді жаңғыртуға мүмкіндік те артады. Алайда қарапайым алматылықтар тарифтің өсуіне басқаша қарайтыны анық. Қаланың коммуналдық инфрақұрылымы ондаған жыл бойы төмен тариф жағдайында тозды. Енді оны қалпына келтіру үшін коммуналдық қызметтердің бағасын көтеру туралы шешім қабылданды.

Сонда тұтынушыға не қалады? Бір жағынан – ескірген құбырлар, екінші жағынан – қымбаттаған су. Оның үстіне инженерлік желілерді жаңарту қарқыны соншалық баяу, алғашқы кезеңдерде ауыстырылған желілердің өзі бүкіл жүйе толық жаңарып болғанша қайта тозып үлгеруі мүмкін. Осылайша мәселе тығырыққа тіреліп тұр.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Швейцарияда елдің бейтараптығына қатысты референдум өтеді

Швейцарияда жексенбі күні елдің халықаралық аренадағы бейтараптық қағидатын қатаңдату мәселесі бойынша референдум өтеді.

Си Цзиньпин Түрікменстанмен мемлекетаралық қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге дайын екенін мәлімдеді

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтап, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге дайын екенін білдірді.

Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау барлық деңгейдегі қолбасшылық үшін басты міндет болуы тиіс – Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Трамп қарашадағы сайлаудан кейін Иранға соққы беруді қайта бастауды жоспарлап отыр

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдауға ниетті емес және қарашадағы аралық сайлаудан кейін Иранға соққы беруді қайта бастауды көздеп отыр.