Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарБҰҰДБ өңірлерде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға қолдау көрсетеді

БҰҰДБ өңірлерде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға қолдау көрсетеді

|

|

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Еуропалық одақтың қолдауымен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін реформалауға бағытталған үш жылдық бастама қолға алынды. «Жоба Ұлттық экономика министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, еліміздің бес өңірінде – Абай, Жетісу, Түркістан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында жүзеге асырылады. Бастаманың негізгі мақсаты – жергілікті экономиканы жандандыру, өңірлердің әлеуетін арттыру, халықты жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту және тұрғындардың табысын өсіру. Отырыс барысында қатысушылар Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу жөніндегі аралық көрсеткіштерді саралап, алдағы міндеттер мен даму мүмкіндіктерін талқылады. Қазақстанның маңызды жетістіктерінің бірі ретінде Тұрақты даму мақсаттарының «Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесімен қамтылған халықтың үлесі» көрсеткіші бойынша оң өзгерістер атап өтілді. Атап айтқанда, 2025 жылдың қорытындысында әлеуметтік көмек алушылар саны 54,4 мың отбасы болса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 41,3 мың отбасына дейін азайған», – деп хабарлайды агенттік.

 

Еуразия24 пікірі:

Бұл – Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) жөніндегі үйлестіру кеңесінің XI отырысынан кейін ресми ақпарат құралдарында жарияланған жаңалықтар.

Шын мәнінде, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға арналған үш жылдық бастама биыл жазда-ақ қолға алынған. Жобаның жалпы құны – 4 миллион еуро.

Бұл жобаның ең қызықты тұсы – оның өңірлерге бағытталуы. Белгілі болғандай, еліміздің әр облысының экономикалық мүмкіндіктері мен түйткілді мәселелері әртүрлі. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) жүзеге асыратын бастама қамтитын бес өңірдің барлығы дотациялық аймақтарға жатады. Яғни олар республикалық бюджеттен субвенция алады. Сондықтан бұл облыстардың өз кірісі есебінен шығынын өтей алатын деңгейге жетуі, оған кімнің қаражаты жұмсалса да, құптарлық мақсат.

Біздіңше, БҰҰДБ бөлінген 4 миллион еуроны өңірлерде жаңа кәсіпорындар ашуға немесе жұмыс орындарын құруға тікелей жұмсай қоймас. Оның үстіне, мұндай қаражат есебінен облыстардың салық түсімін күрт арттыру да екіталай.

Сірә, жоба аясында өңірлердің қазіргі экономикалық және әлеуметтік жағдайын жан-жақты талдау, оған тәуелсіз сараптамалық баға беру, нақты ұсыныстар әзірлеу және олардың орындалуын бақылау көзделіп отырған болар.

Кім біледі, бәлкім, өңірлердегі қордаланған мәселелерге сырт көзбен қарап, оларды объективті бағалау жетіспей келген шығар? Ал тәуелсіз сарапшылардың көмегімен кемшіліктерді анықтап, кеткен қателіктерді түзетуге мүмкіндік туар?

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Иран парламенті бұрынғы қорғаныс министрі қаза тапқаннан кейін сегіз ай өткен соң оның орнына жаңа министрді бекітті

Жексенбі күні Иран парламенті Мехрдад Ахлагиді елдің қорғаныс министрі қызметіне бекітті. Бұл туралы Иранның мемлекеттік телеарнасы хабарлады.

Лавров Парсы шығанағындағы дағдарыс пен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін араб елдерінің алтылығымен талқылайтынын мәлімдеді

Ресей Парсы шығанағындағы дағдарысты және аймақтағы тұрақтылыққа тікелей байланысты экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін Парсы шығанағындағы алты араб мемлекетімен талқылауды жоспарлап отыр. Бұл туралы жексенбі күні Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.

Лавров пен Кувейт СІМ басшысы Парсы шығанағындағы шиеленісті тез арада бәсеңдету жолдарын іздеу қажеттігін атап өтті – Ресей СІМ

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен оның кувейттік әріптесі Джаррах ас-Сабах Манамада өткен кездесуде Парсы шығанағындағы жағдайды саяси және дипломатиялық жолмен реттеудің баламасы жоқ екенін атап өтті. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Парсы шығанағының қауіпсіз дамуына қатысты шешуші сөз аймақтағы мемлекеттердің өзіне тиесілі болуы тиіс – Лавров

Ресей Парсы шығанағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты жолы жағалаудағы мемлекеттер мен оларға көршілес елдер арасындағы тікелей диалог деп есептейді. Мұндай диалогқа жағдай жасауға аймақтан тыс елдерді, қажет болған жағдайда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерін де тартуды ұсынады. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.