Евразия24Таңдаулы жаңалықтарМемлекеттік қолдау жүйесінде маңызды өзгеріс жасалды

Мемлекеттік қолдау жүйесінде маңызды өзгеріс жасалды

|

|

ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, қазақстандықтарға eGov Mobile арқылы әлеуметтік жәрдемақыдан ерікті түрде бас тарту ұсынылып отыр. «Бүгінге дейін SMS хабарламалар алған 200-ден астам азамат әлеуметтік көмекке мұқтаж емес екенін айтып, жәрдемақыдан бас тартқан. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі eGov Mobile қосымшасында жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартуға мүмкіндік беретін жаңа сервистің жобасын таныстырды. Бұл қызмет арқылы әлеуметтік жәрдемақы алатын тұрмысы жақсы азаматтар мемлекеттік органдарға бармай-ақ, онлайн режимде төлемдерден өз еркімен бас тарта алады», – деп хабарлады жұма күні Үкіметтің баспасөз қызметі. Бұл мәселе премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын цифрлық тұрғыдан жаңғырту жөніндегі кеңесте қаралды. Сонымен қатар кеңесте әлеуметтік төлемдердің нақты мұқтаж азаматтарға берілуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан реформаның барысы талқыланды. Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада : «Тұрмысы жақсы азаматтарға қатысты әкімдіктермен бірлесіп, үй шаруашылықтарының жағдайын тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде өзгерістер әлеуметтік төлемдердің 36 түрінің тек 14-іне ғана қатысты болатыны анықталды. Қалған 22 төлем түрі бойынша қолданыстағы тәртіп сақталады. Ал мемлекеттік қолдауға мұқтаж азаматтар үшін әлеуметтік көмек көрсету тәртібі толық көлемде өзгеріссіз қалады», – делінген.

 

Еуразия24 пікірі:

Әлеуметтік төлем алушыларға жәрдемақыдан өз еркімен бас тарту мүмкіндігін беру – орынды бастама ғана емес, әлеуметтік көмек жүйесін цифрландырудағы нақты ілгерілеу. Алайда бұл – мәселенің тек техникалық жағы.

Ең маңыздысы – миллиондаған азаматтың деректері мен түрлі көрсеткіштерді қамтитын цифрлық жүйеде мемлекеттік көмекке шын мәнінде мұқтаж адамдардың назардан тыс қалмауын қамтамасыз ету.

Мәселен, белгілі бір отбасының табысы жоғары, баспанасы мен автокөлігі бар делік. Демек, бірқатар көрсеткіш бойынша ол ауқатты отбасылар санатына жатқызылады. Алайда сол отбасының шығыны да орасан болуы мүмкін. Айталық, отбасы мүшелерінің бірінің еміне қомақты қаражат жұмсалады, табысы жоғары болғанымен, тұрақты емес немесе меншігіндегі баспананың көлемі отбасы мүшелерінің санына сай келмейді.

Керісінше жағдай да кездеседі. Кейбір азаматтардың ресми әрі тұрақты табысы жоқ, атына тіркелген құнды мүлкі де болмауы мүмкін. Бірақ шын мәнінде олар жасырын табысының есебінен бақуатты өмір сүреді. Өйткені қолма-қол ақшамен есеп айырысу әлі де кең таралған.

Атаулы әлеуметтік көмек пен өзге де әлеуметтік төлемдерді алу кезінде түрлі алаяқтық әрекеттердің орын алғаны белгілі. Сондықтан цифрлық әлеуметтік картаны әзірлеп жатқан мемлекеттік органдар осы тәуекелдердің барлығын ескеріп отыр деп сенеміз. Дегенмен Үкімет басымдық беріп отырған мемлекеттік көмектің атаулылығын қамтамасыз ету тек цифрлық көрсеткіштер мен автоматты есептеулерге сүйенбеуі тиіс деп есептейміз. Ол үшін көмек алушылардың тұрмыс жағдайын жеке-жеке зерделеп, әр отбасының нақты мұқтаждығын анықтау қажет. Осы мақсатта арнайы «әлеуметтік аудит» жүргізіп көрсек қайтеді?

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Халықаралық теңіз қатынасының еркіндігі Ресейдің шешіміне тәуелді

DF Peak танкерінің басып алынуына Кремль еуропалық «серіктестеріне» қарсы күш қолдану арқылы жауап беруге тиіс. Әйтпесе Ресей Федерациясының сыртқы саудасы ғана емес, халықаралық теңіз қатынасы да зардап шегеді. Ресейге қарсы саясат ұстанған мемлекеттер мұндай әрекеттердің салдары жөнінде әлдеқашан ескертілген. Алайда олар бұл ескертулердің барлығын ашық түрде елемей отыр. Егер Мәскеу Батыс елдерінің халықаралық теңіз жолдарындағы қарақшылық әрекеттеріне тосқауыл қоймаса, оның зардабын әлемдік саудаға қатысушылардың барлығы тартуы мүмкін.

БҰҰДБ өңірлерде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға қолдау көрсетеді

Еуропалық одақтың қолдауымен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін реформалауға бағытталған үш жылдық бастама қолға алынды. «Жоба Ұлттық экономика министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, еліміздің бес өңірінде – Абай, Жетісу, Түркістан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында жүзеге асырылады.

Иран парламенті бұрынғы қорғаныс министрі қаза тапқаннан кейін сегіз ай өткен соң оның орнына жаңа министрді бекітті

Жексенбі күні Иран парламенті Мехрдад Ахлагиді елдің қорғаныс министрі қызметіне бекітті. Бұл туралы Иранның мемлекеттік телеарнасы хабарлады.

Лавров Парсы шығанағындағы дағдарыс пен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін араб елдерінің алтылығымен талқылайтынын мәлімдеді

Ресей Парсы шығанағындағы дағдарысты және аймақтағы тұрақтылыққа тікелей байланысты экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін Парсы шығанағындағы алты араб мемлекетімен талқылауды жоспарлап отыр. Бұл туралы жексенбі күні Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.