Евразия24Не болдыАбай облысындағы арнаулы орталықта мүгедектігі бар балаларға қатыгездік көрсетілген

Абай облысындағы арнаулы орталықта мүгедектігі бар балаларға қатыгездік көрсетілген

|

|

Егер прокуратура өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының барлығында балалар құқығының сақталуына тексеру жүргізбегенде, Аягөз ауданында балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсетілген көптеген дерек мемлекеттік органдардың назарынан тыс қалуы да мүмкін еді.

«Аягөз ауданындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығын тексеру барысында мекеме тәрбиеленушілеріне санитарлардың жүйелі түрде физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткен 100-ден астам дерегі анықталды. Олар балалардың дәрменсіз жағдайын пайдаланған. Сонымен қатар мекеменің кейбір қызметкерлері заңсыз әрекеттерге куә бола тұра, оларды тоқтату үшін ешқандай шара қолданбаған. Аталған дерек бойынша прокуратура Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – деп Бас прокуратура  хабарлады.

Оқиғаға қатысы бар қызметкерлердің барлығы тергеу аяқталғанға дейін жұмыстан шеттетіліп, балалармен байланысуына тыйым салынды.

Өкінішке қарай, дені сау ересектердің денсаулығында кінәраты бар балаларға қатыгездік көрсетуі алғаш рет тіркеліп отырған жоқ.

2024 жылдың қазан айында Павлодар облысында прокурорлар облыстық балаларға арналған психоневрологиялық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап, тәрбиеленушілерді азаптау деректерін анықтады. Сол кезде аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабымен тергеу жүргізілді.

2025 жылдың наурыз айында Қостанайдағы осындай арнаулы мекеменің тәрбиешісі 16 жастағы қыз баланы ыстық үтікпен күйдірген. Бұл әрекеті үшін ол алты айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

2026 жылдың наурыз айында Алматыда оңалту орталығы қызметкерінің алты жасар балаға қатыгездік көрсеткені бейнеленген жазба таралып, қоғамда үлкен дау туды. Бұл оқиғаға да байланысты полиция тексеру жүргізді.

2025 жылдың қаңтарында Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы өз баяндамасында мүгедектігі бар балалардың жағдайына назар аударған болатын. Ұйымның мәліметінше, «мүгедектігі бар балалар оқшауланған арнаулы мектептер мен интернаттарда қоғамнан шеттетілу, зорлық-зомбылық, тиісті күтімнің болмауы, қозғалысын күштеп шектеу және дәрі-дәрмекті шамадан тыс қолдану сияқты жағдайларға әлі де тап болып келеді».

Мемлекет қоғамнан оқшау жағдайда өмір сүретін, ерекше қорғауға мұқтаж балалардың құқығын қамтамасыз ету үшін ешқандай шара қабылдамай отыр деуге болмайды. Алайда арнаулы орталықтардың қызметкерлері тәрбиеленушілерге әлі күнге дейін қатыгездік көрсетіп жатса, мұндай мекемелерге маман қабылдау тәртібіне ерекше назар аударған жөн.

Әрине, бұл саладағы жұмыстың қаншалықты ауыр әрі жауапты екенін түсінеміз. Дегенмен мұндай қызметті ересек адамдар саналы түрде таңдайды. Ал олардың арасында балаларға жанашырлық таныта алмайтын, өзгенің жағдайына түсіністікпен қараудан ада жандардың болуы алаңдатады. Өйткені мүгедектікпен дүниеге келу – балалардың өз таңдауы емес.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Алматылықтар ауа сапасына қатысты пікір білдірді

Almaty Air Initiative қорының хабарлауынша, Алматы тұрғындарының 80 пайыздан астамы қала ауасының адам денсаулығына қауіпті екенін айтады. Ал басқа жаққа көшуді шындап ойластырып жүрген немесе көшуді жоспарлаған тұрғындардың үлесі 17 пайыздан 26 пайызға дейін өскен «Зерттеу әлеуметтанушы Серік Бейсембаевтың қатысуымен дайындалды.

Ресей Украинадағы соғыста жеңілді ме?

Бір қарағанда тосын көрінгенімен, Украинадағы соғыста жеңілген тарап Ресей деген тұжырым жасалып отыр. Мұндай тұжырымды өмір жолы сан қилы оқиғаларға толы, ақырында Ресейде «шетелдік агент» деп танылған саясаттанушы Александр Морозов жасады.

Қазақстандықтардың психикалық денсаулығы дәрігерлердің назарында

Қазақстанда психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 81 бастапқы медициналық көмек орталығы мен аутизмі бар балаларға арналған 189 күндізгі бөлімше ашу жоспарланып отыр. «Бұл бастама психикалық денсаулыққа қатысты бұзылыстарды ерте анықтау, емдеу және оңалту қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Баламалы энергетика елге қаншалықты тиімді?

Қазан айы да аяқталуға жақын. Жылыту маусымы басталды, әзірге бәрі қалыпты. Алдағы уақытта да еш қиындық туындамаса екен дейміз.Дегенмен көңілге күдік ұялататын жайт бар. Елді жылумен қамтамасыз етуге тікелей ықпал ететін ұлттық энергетика жүйесіндегі қуат тапшылығы әлі жойылған жоқ.Биылғы қыста электр энергиясына сұраныстың ең жоғары деңгейі шамамен 18,2 ГВт болады деп күтілуде. Ал еліміздегі электр станциялары өндіре алатын ең жоғары қуат одан шамамен 800–1000 МВт-қа төмен. Мәселе Ресейден электр энергиясын импорттауға мәжбүр болып отырғанымызда ғана емес. Ең қауіптісі – энергетика жүйесінің резервтік қуатсыз жұмыс істеуі.Ал энергетика саласында нормативтік резервтің болуы аса маңызды. Жаздың әрбір аптап күнінде және қыстың әрбір кешінде энергетика жүйесін шекті жүктемемен жұмыс істеуге мәжбүрлеу жүрек талмасы қаупі төніп тұрған адамды күн сайын физикалық әрі психологиялық күйзеліске ұшыратумен бірдей.Шындыққа тура қарасақ, еліміздің энергетика жүйесін осындай тұрақты «инфаркт алдындағы» жағдайда ұстап отырған – жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК).Таңғаларлық тұжырым ба? Ендеше, нақты көрсеткіштерге назар аударайық.