Евразия24ЖаңалықтарМаск SpaceX пен Tesla компанияларын біріктіруді тиімді шешім деп санайды

Маск SpaceX пен Tesla компанияларын біріктіруді тиімді шешім деп санайды

|

|

Мәскеу. 21 қазан. ИНТЕРФАКС – SpaceX пен Tesla (SPB: TSLA) компанияларын біріктіру көптеген артықшылық әкелуі мүмкін. Бұл туралы екі компанияның да бас атқарушы директоры Илон Маск SpaceX-тің тоқсандық қаржылық нәтижелеріне арналған конференцияда мәлімдеді.

«Меніңше, бұл жақсы идея болар еді. Алайда түпкілікті шешімді арнайы комитеттер қабылдайды», – деді Маск. Ол акционерлердің бастамасымен SpaceX пен Tesla компанияларында құрылған жұмыс топтарын меңзеді. Сонымен қатар кәсіпкер бұл мәселені талқылауға өзі қатыса алмайтынын, өйткені мәмілеге мүдделі тарап екенін атап өтті.

«Екі компанияны біріктірудің көптеген артықшылығы бар», – деді Маск. Оның айтуынша, әсіресе жасанды интеллектке арналған бағдарламалық жасақтама әзірлеу, микросхемаларды жобалау және робот техникасы салаларындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор.

Қазірдің өзінде компаниялар Terafab бірлескен жобасы аясында микросхемалар өндіру бағытында жұмыс істеп жатыр. Масктың болжамынша, Terafab келесі жылдың мамыр-маусым айларында алғашқы сынақ микросхемасын шығарып, 2028 жылдың үшінші тоқсанында жаппай өндіріске кірісуі мүмкін.

Сонымен бірге SpaceX басшысы екі компанияның бірігетіні туралы нақты қорытынды жасауға әлі ерте екенін ескертті. Өйткені арнайы комитеттер ықтимал мәміленің шарттарын әлі келісіп болған жоқ. Оның үстіне, тараптар ортақ шешімге мүлде келмеуі де мүмкін.

Маск сондай-ақ компанияның деректер орталықтарындағы есептеу қуаттарына сұраныстың күрт артуына байланысты SpaceX-тің тұрақты қайталанатын кірісі (ARR) 2027 жылдың соңына қарай жылдық есеппен 500 млрд–1 трлн долларға жетуі ықтимал екенін айтты.

Шілде-қыркүйек айларында SpaceX 14,6 млрд доллар табыс тапты. Бұл өткен жылдың үшінші тоқсанындағы көрсеткіштен 2,6 есе көп. Ал жасанды интеллект сегментіндегі кіріс 9,3 есе өсіп, 7,6 млрд долларға жетті. Есепті тоқсан қорытындысында компания 4,4 млрд доллар таза пайда тапқан. Ал бір жыл бұрын осы кезеңде 1,1 млрд доллар шығынға ұшыраған еді.

Сәрсенбі күні алдын ала сауда барысында SpaceX акциялары 9,8%-ға, ал Tesla бағалы қағаздары 1,6%-ға қымбаттады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Экспорттың қарқынды өсуі ішкі нарыққа қалай әсер етеді?

Сауда және интеграция министрлігі  ерекше жаңалық жариялады. Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы сегіз айында Қазақстан экспорты рекордтық қарқынмен өсіп, өсім көрсеткіші импорттан төрт еседен астам жоғары болған. Бұл өсімге негізінен агроөнеркәсіп кешені серпін берген. Күнбағыс майы, астық, ұн және зығыр экспорты бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен. Алайда дүкен сөрелеріне көз салсақ, аталған өнімдердің шетелден әкелінген түрлері де аз емес. Алайда отандық азық-түліктің шетелге көптеп шығарылуы ішкі нарықта тапшылық тудырып, бағаның негізсіз қымбаттауына және импорттық өнімдердің көбеюіне әкеліп соқпай ма? Оның үстіне, мемлекет соңғы екі жылдан бері азық-түлік инфляциясын тежеу шараларын белсенді түрде жүргізіп келеді. Ұлттық статистика бюросы,

Қазақстан ШЫҰ отырысында бірқатар бастама көтерді

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдерді сауда байланыстарын нығайтуға, көлік дәліздерін дамытуға және цифрлық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. Бұл бастамалар Душанбеде өткен ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінің отырысында ұсынылды.

Жасөспірімдерге төнген қауіп: экстремистік ағымдардың арбау тәсілдері

Жасөспірімді теріс ағымға тарту үшін міндетті түрде агрессивті ұрандар қолданылмайды. Бәрі бір қарағанда еш күдік тудырмайтын орман көрінісінен, жаттығу туралы бейнероликтен, дұрыс тамақтану жөніндегі кеңестен немесе ежелгі дәстүрлер жайлы материалдан басталуы мүмкін.

Есірткі ісі бойынша ұсталған Navai Қазақстаннан шығарылды

Бір апта бұрын біз Жамбыл облысында ресейлік рэпер Наваи Бакировтың есірткі заттарын заңсыз тасымалдауға және сақтауға қатысы бар деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік. Алайда істің соңы біз күтпеген бағытта өрбіді.