Евразия24ЖаңалықтарТехнологиялық компаниялар акцияларының қымбаттауы Жапония мен Оңтүстік Корея қор нарықтарына серпін берді

Технологиялық компаниялар акцияларының қымбаттауы Жапония мен Оңтүстік Корея қор нарықтарына серпін берді

|

|

Мәскеу. 21 қазан. ИНТЕРФАКС – Сәрсенбі күні Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор индекстері әртүрлі бағытта өзгеріп жатыр.

Жапония мен Оңтүстік Корея қор нарықтарында өсім байқалады. Бұған америкалық Super Micro Computer компаниясының тоқсандық қаржылық есебіндегі жоғары көрсеткіштерден кейін технологиялық компаниялар акцияларының қымбаттауы ықпал етті.

Мәскеу уақытымен сағат 8:33-те Жапонияның Nikkei 225 индексі 1,1%-ға көтерілді.

Микросхемаларды сынауға арналған жабдық өндіруші Advantest компаниясының акциялары 2,2%-ға, чип өндірісіне қажетті жабдық шығаратын Tokyo Electron бағалы қағаздары 1,1%-ға қымбаттады. Инвестициялық-технологиялық SoftBank Group акциялары 1,8%-ға, микросхема өндіруші Kioxia акциялары 2,1%-ға өсті. Ал жартылай өткізгіштер өнеркәсібіне қажетті бөлшектер шығаратын Sumco Corp. және Lasertec Corp. компанияларының акциялары тиісінше 3,6% және 2,4%-ға қымбаттады.

Қаржы секторында да өсім тіркелді. Атап айтқанда, Mizuho Financial Group акциялары 2,4%-ға, Sumitomo Mitsui Financial Group 2,6%-ға, Mitsubishi UFJ Financial Group 2,5%-ға көтерілді.

Автокөлік өндіруші Toyota акциялары 0,2%-ға арзандаса, Honda бағалы қағаздары керісінше 0,2%-ға қымбаттады.

Жапония Қаржы министрлігінің мәліметінше, қыркүйекте ел экспорты өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 16,7%-ға, ал импорты 18,9%-ға артқан. Trading Economics деректеріне сәйкес, сарапшылар экспорт 20,1%-ға, импорт 19,6%-ға өседі деп болжаған еді.

Мәскеу уақытымен сағат 8:34-те Қытайдың Shanghai Composite және Гонконгтың Hang Seng индекстері 0,5%-ға төмендеді.

Hang Seng индексінің құрамындағы компаниялар арасында CATL акциялары ең көп арзандап, 9,8%-ға құлдырады. Әлемдегі литий-ионды аккумулятор өндірушілердің бірі саналатын компания үшінші тоқсанда таза пайдасын 14,5%-ға арттырғанымен, бұл соңғы екі жылға жуық уақыт ішіндегі ең төмен өсім қарқыны болды.

Ойыншық өндіруші Pop Mart International Group акциялары 4%-ға, алтын өндіретін Laopu Gold 3,2%-ға арзандады. Телекоммуникация саласындағы China Unicom және China Mobile компанияларының бағалы қағаздары тиісінше 3% және 2,9%-ға, ал мұнай өндіруші PetroChina Co. (SPB: 857) мен CNOOC акциялары 2,8% және 1,9%-ға төмендеді.

Ал компьютер өндіруші Lenovo акциялары 3,3%-ға, оптикалық құрылғылар мен микросхемалар шығаратын Sunny Optical Technology Group бағалы қағаздары 3,1%-ға, сақтандыру компаниясы China Life Insurance акциялары 1,1%-ға қымбаттады.

Мәскеу уақытымен сағат 8:27-де Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 2,8%-ға көтерілді.

Әлемдегі ірі микросхема және смартфон өндірушілердің бірі Samsung Electronics акциялары 5%-ға, ал чип өндіруші SK Hynix бағалы қағаздары 4,7%-ға өсті.

Сонымен қатар түсті металл өндіруші Korea Zinc акциялары 0,2%-ға, болат өндіретін Posco 0,3%-ға, аккумулятор шығаратын LG Energy Solution 0,5%-ға арзандады.

Автокөлік өндіруші Hyundai Motor акцияларының бағасы алдыңғы сауда сессиясының жабылу деңгейінен айтарлықтай өзгерген жоқ.

Австралияның S&P/ASX 200 индексі күн қорытындысында 0,2%-ға өсті.

Елдегі ірі банктердің акциялары да қымбаттады. Атап айтқанда, ANZ бағалы қағаздары 0,5%-ға, Commonwealth Bank of Australia 0,7%-ға, National Australia Bank 1,7%-ға, Westpac Banking 1%-ға көтерілді.

Ал әлемдегі ең ірі тау-кен өндіруші компаниялардың қатарындағы BHP мен Rio Tinto-ның нарықтық капиталдануы 1,8%-ға төмендеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Маск SpaceX пен Tesla компанияларын біріктіруді тиімді шешім деп санайды

SpaceX пен Tesla (SPB: TSLA) компанияларын біріктіру көптеген артықшылық әкелуі мүмкін. Бұл туралы екі компанияның да бас атқарушы директоры Илон Маск SpaceX-тің тоқсандық қаржылық нәтижелеріне арналған конференцияда мәлімдеді.

Экспорттың қарқынды өсуі ішкі нарыққа қалай әсер етеді?

Сауда және интеграция министрлігі  ерекше жаңалық жариялады. Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы сегіз айында Қазақстан экспорты рекордтық қарқынмен өсіп, өсім көрсеткіші импорттан төрт еседен астам жоғары болған. Бұл өсімге негізінен агроөнеркәсіп кешені серпін берген. Күнбағыс майы, астық, ұн және зығыр экспорты бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен. Алайда дүкен сөрелеріне көз салсақ, аталған өнімдердің шетелден әкелінген түрлері де аз емес. Алайда отандық азық-түліктің шетелге көптеп шығарылуы ішкі нарықта тапшылық тудырып, бағаның негізсіз қымбаттауына және импорттық өнімдердің көбеюіне әкеліп соқпай ма? Оның үстіне, мемлекет соңғы екі жылдан бері азық-түлік инфляциясын тежеу шараларын белсенді түрде жүргізіп келеді. Ұлттық статистика бюросы,

Қазақстан ШЫҰ отырысында бірқатар бастама көтерді

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдерді сауда байланыстарын нығайтуға, көлік дәліздерін дамытуға және цифрлық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. Бұл бастамалар Душанбеде өткен ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінің отырысында ұсынылды.

Жасөспірімдерге төнген қауіп: экстремистік ағымдардың арбау тәсілдері

Жасөспірімді теріс ағымға тарту үшін міндетті түрде агрессивті ұрандар қолданылмайды. Бәрі бір қарағанда еш күдік тудырмайтын орман көрінісінен, жаттығу туралы бейнероликтен, дұрыс тамақтану жөніндегі кеңестен немесе ежелгі дәстүрлер жайлы материалдан басталуы мүмкін.