«Купол юрты» арнасының платформасында АҚШ Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) бұрынғы қызметкері Ларри Джонсонның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзі жарияланды. Оның бұл мінберден сөз сөйлеуінің өзі көп нәрсені аңғартады. Джонсонның өз айтуынша, ол кезінде КСРО-ға қарсы ақпараттық операцияларға тікелей қатысқан. Бұл салада мол тәжірибе жинақтап, ақпараттық соғыстың қалай жүргізілетінін жақсы меңгерген.
Сырт келбеті де америкалықтардың дәстүрлі бейнесіне сай. WASP – ақ нәсілді, англосаксон текті протестант. Яғни АҚШ-тың негізін қалаушылар дәуіріндегі америкалық қоғамның болмысын бойына сіңірген адам.
Алайда ЦРУ-дың бұрынғы қызметкерінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде айтқан сөздері күтпеген сипат алды. Оның мәлімдеуінше, Ресей әділетті соғыс жүргізіп, бейбіт тұрғындарға соққы жасамайды. Ал Украина әділетсіз соғыс жүргізіп, бейбіт халықты нысанаға алады. Джонсон сонымен қатар түрлі соғыстарда бейбіт тұрғындардың ең көп қаза табуына АҚШ жауапты екенін айтты.
Оның сөзін түгел баяндап жатудың қажеті жоқ, өздеріңіз тыңдап көріңіздер. Деректер, сандар, дәйектер келтірілген. Әскери салада да, ақпараттық операцияларда да тәжірибесі мол адамның не айтып тұрғанын жақсы білетіні анық.
Бір қарағанда, мұндай мәлімдеме таңғалдыруы мүмкін. Алайда Ларри Джонсонның қазіргі қызметіне үңілсек, көп нәрсе түсінікті бола түседі. Ол – халықаралық «Халық бірлігі клубының» жетекші сарапшысы.. Оның үстіне, қатардағы сарапшы ғана емес, клуб Төралқасының және Бақылау кеңесінің мүшесі.
Клуб басшылығының құрамына қарағанның өзі жеткілікті. Тең төрағалары – Николай Азаров, Яна Лантратова және Франц Клинцевич. Ал Төралқа мүшелерінің қатарында Александр Дугин, Апти Алаудинов, Алексей Чепа, Евгений Примаков, Захар Прилепин, Сергей Караганов, Артем Шеин, Аббас Джума, Андрей Гурулев, Константин Затулин, Михаил Делягин және басқа да белгілі тұлғалар бар. Олардың арасында Ларри Джонсонның өзі де отыр.
Осындай ортада жүрген адам тек шындықты ғана айтады ғой.




