Евразия24Не болдыСоғыс  аймағында  қалған  қазақстандықтар  елге  аман  оралды

Соғыс  аймағында  қалған  қазақстандықтар  елге  аман  оралды

|

|

Оннан  астам  қазақстандықтың  соғыс  жүріп  жатқан  аймаққа  тап  болғаны  қазан  айының  басында  белгілі  болды.  Заңгер  Мейрман  Шекеев  олардың  отбасыларына  жақындарын  елге  қайтару  мәселесінде  көмек  көрсетті.

«Бұл  қуанышты  сөзбен  жеткізу  мүмкін  емес.  Көңілді  толқу  кернеген  сәтте  не  айтарыңды  да  білмей  қалады  екенсің…  Ең  алдымен  Алла  Тағалаға,  одан  кейін  Мемлекет  басшысы  Қасым-Жомарт  Кемелұлы  Тоқаевқа,  Сыртқы  істер  министрлігінің  әрбір  өкіліне  (…)  алғыс  айтамын.  Менің  өтінішіммен  балаларды  Мәскеу  әуежайында  күтіп  алып,  шығарып  салған  қарындасым  Гүлмира  мен  інім  Қуандыққа  да  рақмет.  Көмектескен  барша  жанға  шын  жүректен  алғыс  білдіремін!

Бұл  –  жай  ғана  елге  оралу  емес.  Бұл  –  ата-ананың  көз  жасы,  отбасының  үміті  ақталған,  Қазақстан  азаматтарының  туған  жеріне  оралған  сәті.  Бүгінде  осы  балалардың  әрқайсысы  өз  елінде,  туған  жерінде,  ата-анасының  қасында»,  –  деп Мейрман  Шекеев  Instagram  парақшасында жазды.

Заңгер  бұл  жазбасын  елге  оралған  қазақстандықтардың  туыстарымен  қауышқан  сәті  бейнеленген  бейнежазбамен  бірге  жариялады.

Бұған  дейін  бірқатар  бұқаралық  ақпарат  құралы  соғыс  аймағына  тап  болған  қазақстандықтардың  барлығы  бастапқыда  Ресейге  күзет  агенттіктерінде  жоғары  жалақыға  жұмыс  істеу  үшін  барғаны  туралы  хабарлаған  еді.

Алайда  туыстарының  айтуынша,  Ресейге  барған  азаматтар  орыс  тілін  жетік  білмегендіктен,  мазмұнын  толық  түсінбестен  әлдебір  құжаттарға  қол  қойған.  Кейін  оларға  соғысқа  аттану  немесе  әскери  қимылдарға  қатысудан  бас  тартқаны  үшін  түрмеге  қамалу  жөнінде  таңдау  қойылған.

Осы  жағдайдан  кейін  заңгер  Мейрам  Шекеев  соғыс  аймағына  жіберілген  21  қазақстандықтың  туыстары  атынан  Ресей  президенті  Владимир  Путинге  өтініш  жолдаған.

Алайда  заңгер  бұл  іске  араласпай  тұрып-ақ  Қазақстанның  Сыртқы  істер  министрлігі  Ресей  тарапына  дипломатиялық  нота  жолдаған  болатын.  Бұған  соғыс  аймағында  жүрген  қазақстандықтардың  елге  қайтуға  көмектесуді  сұрап,  әлеуметтік  желілерде  бейнеүндеу  жариялауы  себеп  болды.

Кейін  Сыртқы  істер  министрлігінің  ресми  өкілі  бұл  мәселеге  қатысты  түсініктеме  берді.

«Қазақстан  Республикасының  Сыртқы  істер  министрлігі  соғыс  қимылдары  жүріп  жатқан  аймақтағы  қазақстандық  азаматтардың  өтініштері  бойынша  жұмысын  жалғастырып  жатыр.  Әлеуметтік  желілерде  бейнеүндеу  жариялаған  азаматтарға  қатысты  қажетті  шаралар  қабылдануда.  Оларды  елге  қайтару  жөнінде  келіссөздер  жүргізіліп  жатыр»,  –  деп  министрлік  өкілі хабарлады  .

16  қазаннан  бастап  қазақстандықтарды  соғыс  аймағынан  елге  қайтару  жұмыстары  басталды.

Оқиғаның  соңы  жақсылықпен  аяқталғаны  қуантады.  Дегенмен  Ресей  тарапынан  өзге  мемлекеттің  азаматтарын  Украинадағы  соғысқа  жіберу  туралы  шешімді  кім  қабылдағаны,  оған  қандай  құжаттар  негіз  болғаны  және  олардың  елге  қайтарылуы  қалай  жүзеге  асырылғаны  жөнінде  әзірге  ресми  түсініктеме  берілген  жоқ.

Бұл  –  екі  ел  арасындағы  қарым-қатынасқа  қатысты  саяси  тұрғыдан  аса  нәзік  әрі  күрделі  мәселе.  Сондықтан  аталған  оқиғаның  барлық  мән-жайы  көпшілікке  сол  күйі  белгісіз  болып  қалуы  да  мүмкін.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Дәрігерлердің көмегімен 679 грамм болып туған сәби аман қалды

Қазақстанда  шала  туған  нәрестелердің  өмірін  сақтап  қалу  бағытында  қол  жеткізілген  нәтижелер  айтарлықтай  жоғары.  Дегенмен  медициналық  зерттеулерде  жүктіліктің  өте  ерте  кезеңінде  дүниеге  келген  балалардың  дамуында  түрлі  ауытқулар  болуы  мүмкін  екені,  сондай-ақ  олардың  бір,  үш  және  бес  жасқа  дейінгі  өміршеңдігіне  қатысты  қауіп  сақталатыны көрсетілген.

Тоқаев Атом энергиясы агенттігінің төрағасымен АЭС құрылысы мен саланы дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдап, атом саласын дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Францияда 24 қазандағы наразылық кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Францияның ішкі істер жөніндегі министр-делегаты Жан-Дидье Берже 24 қазанда өтетін наразылық акциялары кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға өткен аптадағы тәртіпсіздіктермен салыстырғанда көбірек полиция қызметкері жұмылдырылатынын мәлімдеді. Бұл туралы бейсенбі күні BFMTV телеарнасы хабарлады.

Франция Макронның президенттік өкілеттігі аяқталғаннан кейінгі кеңселеріне 2,3 млн еуро бөлмек

Францияның бюджет туралы заң жобасында елдің қазіргі президенті Эмманюэль Макронның қызметтен кеткеннен кейін пайдаланатын кеңселеріне 2,3 млн еуро бөлу қарастырылған. Бұл туралы бейсенбі күні Politico басылымы хабарлады.