Евразия24Ушыққан мәселеПутиннің орнына тағы бір Путин келеді

Путиннің орнына тағы бір Путин келеді

|

|

«Батыс Украинаны қолдаудан бас тартса, не болады?»   Ресейлік тарихшы, саясаткер, қоғам қайраткері әрі «Савромат» шығармашылық лақапатымен танымал видеоблогердің кезекті бейнематериалы осылай аталады.

Дмитрий Чернышевскийдің бұл бейнематериалы терең талдауымен ерекшеленгенімен, мазмұнынан үмітсіздік пен шарасыздық айқын сезіледі. Тегі орыс, Ресейде білім алып, сол ортаның тәрбиесін көрген ол – либералдық және батысшыл көзқарасты берік ұстанатын тұлға. Мұндай ұстанымдағы зиялы қауым өкілдері Ресей тарихында қай кезеңде де аз болмаған.

Ресей Украинада арнайы әскери операциясын бастағаннан кейін Чернышевскийге Ресей Федерациясында «шетел агенті» мәртебесі беріліп, өзі шетелге қоныс аударды.

Бейнематериал біршама ұзақ болғанымен, оны мұқият тыңдап шығуға кеңес береміз. Ондағы ойлар Украинаны да, Ресейді де үзілді-кесілді қолдайтын тараптар үшін пайдалы болуы мүмкін.

Сөздеріне қарағанда, Чернышевский қазіргі Ресей билігін, әсіресе президент Владимир Путинді мүлде қабылдамайды. Орыс тарихы мен мәдениетін терең білетін ол осы білімдеріне сүйеніп, орыс халқына агрессия мен билікке шексіз мойынсұну қатар тән деген тұжырым жасайды. Оның пайымынша, халық кез келген диктатураға төзіп, қалыптасқан жағдайға бейімделуге дағдыланған.

Осындай көзқарастағы Чернышевский Украинадағы соғыстың немен аяқталуы мүмкін екенін талдай келе, Украинаның мемлекет ретінде толық әрі біржола жойылуынан басқа нәтиже болмайды деген қорытындыға келеді. Бұл – оның өз тұжырымы!

Чернышевский-Савроматтың орыс халқының тарихи болмысы мен ұлттық мінезінің қалыптасуына қатысты тұжырымдары қаншалықты орынды екені – даулы мәселе. Оның пікіріне жеке басындағы өкпе-реніштің әсер еткені, ал сипаттамаларында біржақтылық басым екені байқалады. Дегенмен Чернышевскийді үстірт пайымдайтын адам деуге келмейді. Ол өзі сөз етіп отырған тақырыпты терең меңгерген.

Ресейден эмиграцияның кезекті тарихи толқынымен кеткен Чернышевский шетелде өмір сүргенімен, ой-санасы жағынан әлі де Ресей қоғамымен тығыз байланысты. Ол Украинаның жеңіске жету мүмкіндігін жан-жақты талдайды. Өз пайымдауларына сүйенсек, мұндай мүмкіндік мүлде жоқ.

Украинадағы соғыста жеңіліске ұшырап жатқан Батыстың жағдайы да мәз емес. Ал Савромат-Чернышевскийдің көңілінде үміттің жұрнағы да қалмағандай. «Батыс Украинаны қолдаудан бас тартса, одан кейін не болады?» деген сауалға оның жауабы мынадай: мәселе Батыстың Украинадан бас тарту-тарпауында емес, мұның қашан болатынында. Сол кезде Украина да мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатады.

Бейнематериалдың ерекшелігі – Савромат-Чернышевский өз болжамдарын ғана емес, Украина жағында кеңінен айтылып жүрген үміт пен сенімге негізделген барлық негізгі тұжырымды талдайды. Олардың қатарында Путин биліктен кеткен соң Ресей халқы көтеріліске шығады немесе ел ыдырайды деген болжамдар да, Еуропаның көмегімен Украина соғысқа төтеп беріп, жеңіске жетеді деген сенім де бар.

Чернышевский осы болжамдардың әрқайсысын саралап, өз қисыны аясында Украинаның жеңіске жету мүмкіндігі жоқ екенін дәлелдеуге тырысады. Оның тұжырымынша, Путиннің орнына дәл сондай саясат ұстанатын басқа басшы келеді, ал Украина мемлекет ретінде жойылады.

Савроматтың айтуынша, Шығысқа бет бұрған Ресейден Батыс біржола айырылды. Енді Ресей үшін Еуропаның маңызы қалмаған, ал қалыптасқан жағдайды өзгерту мүмкін емес.

Ұзақ монологты тыңдаған сайын соңында Украинаның жеңіске жетуіне қатысты тым болмаса бір жол ұсынылар, ең құрығанда теориялық тұрғыдан қандай да бір мүмкіндік айтылады деп күтесің. Алайда ондай тұжырым жасалмайды. Тақырыпты терең білетін тарихшы, саясаткер әрі публицист тыңдармандарына да, өзіне де барлық есептің қате, ал үміттің негізсіз екенін жеткізеді.

Кеңес дәуіріндегі «Служили два товарища» атты әйгілі фильмде Владимир Высоцкий сомдаған ақ гвардия офицері Қырымнан кетіп бара жатқан соңғы кеменің бортында тұрып, өзін атып өлтіреді.

Бұл жағдайдан да белгілі бір ұқсастық байқауға болады. Шетелге қоныс аударған Дмитрий Савромат осы бейнематериалы арқылы бейнелі түрде өз үмітіне өзі нүкте қойғандай әсер қалдырады.

Қысқасы, ой салатын материал.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Qarmet өндірісті жаңғыртуға жоспарланған 3,5 млрд доллардың 2,7 млрд доллардан астамын жұмсады

Қазақстандық Qarmet металлургия комбинаты өндірісті жаңғыртуға жоспарланған 3,5 млрд доллардың 2,7 млрд доллардан астамын инвестициялады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда мәслихат сайлауына 10,9 мыңнан астам кандидат тіркелді

Қазақстанда 29 қарашаға белгіленген мәслихат депутаттарының сайлауына кандидаттар ұсыну және тіркеу кезеңі аяқталды. Бұл туралы дүйсенбі күні Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Qarmet жылына 540 мың тонна өнім шығаратын жаңа прокат цехын 2026 жылдың соңына дейін іске қоспақ

Қазақстандық Qarmet металлургия комбинаты жылына 540 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы жаңа сұрыптық прокат цехын биылғы жылдың соңына дейін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аджманда алты қонақүйдің жағажайы қайта ашылды, Рас-әл-Хаймада шектеулер әлі күшінде

Біріккен Араб Әмірліктерінің Аджман әмірлігінде су сапасы тексерілгеннен кейін алты қонақүйдің жағажайы қайта ашылды. Ал Рас-әл-Хаймада жағажайлар әзірге жабық. Бұл туралы дүйсенбі күні Ресей туризм индустриясы одағы (РТӨ) хабарлады.