Евразия24ЖаңалықтарЕуропада 15 жолаушылар ұшағына жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарламалар түсті

Еуропада 15 жолаушылар ұшағына жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарламалар түсті

|

|

Лондон. 5 қараша. ИНТЕРФАКС — Еуропа елдерінде 15 авиалайнердің бортында жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін деген хабарламалар түсіп, олардың жалған екені анықталды, деп хабарлайды бейсенбі күні Sky News телеарнасы.
«Жарылыс қаупі туралы ақпарат бүкіл Еуропа бойынша қатынайтын рейстерге келіп түсті — ұшақтар қонған бойда оларды полиция қызметкерлері мен саперлер қарсы алды», — деп хабарлайды телеарна.
Нәтижесінде үш әуе кемесі бағытын өзгертіп, басқа әуежайларға қонуға мәжбүр болды. Атап айтқанда, Aer Lingus авиакомпаниясының Дублиннен Римге бағытталған рейсі Францияның солтүстігіндегі Эвре қаласына, Ryanair компаниясының Лондоннан Софияға ұшқан рейсі Болгарияның Пловдив қаласына, ал Wizz Air компаниясының Миланнан Варшаваға қатынайтын ұшағы Венаға бағытталды.
Қалған 12 ұшақ бортта жарылғыш зат бар деген ескертулерге қарамастан, межелі әуежайларына аман-эсен қонды.
Бұл жағдайдан ең көп зардап шеккен — Ryanair компаниясының рейстері (төрт ұшақ), екінші орында — әрқайсысы екі ұшақтан қауіп төнген Wizz Air және Finnair компаниялары.
Жекелеп айтқанда, Yle телерадиокомпаниясының мәліметінше, сөз Хельсинкиден ұшып шыққан Finnair авиакомпаниясының екі ұшағы туралы болған. Ескерту хабарламалары Рим мен Венаға бағыт алған рейстерге түскен. Екі ұшақ та межелі жерлеріне аман-эсен қонды.
Еуропалық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, тексеру нәтижесінде 15 ұшақтың ешқайсысының бортынан жарылғыш зат табылған жоқ.
Сейсенбі күні де Еуропадағы жеті әуе рейсіне бортта жарылғыш құрылғылар бар деген ақпарат түсіп, олардың да барлығы жалған болып шыққан еді. Бұдан бөлек, осы жалған хабарламалардың салдарынан сейсенбіде Польшаның Варшавадағы Модлин әуежайы жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев пен Абдалла II Қазақстан мен Иорданияның саяси және экономикалық байланыстарын дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Иордания королі Абдалла II-мен келіссөз жүргізді, деп хабарлады қазақстандық көшбасшының баспасөз қызметі.

Англия банкі негізгі мөлшерлемені жылдық 4%-ға дейін көтерді

Англия банкі негізгі пайыздық мөлшерлемені 25 базистік тармаққа көтеріп, жылдық 4%-ға жеткізді, делінген Ұлыбритания Орталық банкінің хабарламасында. Шешім экономистер мен талдаушылардың көпшілігінің күтімімен сәйкес келді.

Еурокомиссия Украинаға қаржылық көмек ретінде және қорғаныс қажеттіліктеріне 4,36 млрд евро бөледі

Еуропалық комиссия (ЕК) бейсенбі күні несиелік қолдау бағдарламасы шеңберінде Украинаға 4,36 млрд евро бөлінгенін жариялады. «Бүгін 4,36 млрд евро бөле отырып, біз Украинаға өмірлік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге және шұғыл қорғаныс міндеттерін шешуге көмектесеміз», — деп мәлімдеді Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен.

Финляндиядағы сот Fitburg жүк кемесінің ресейлік капитанын 3,5 жылға бас бостандығынан айырды – БАҚ

Хельсинкидің аудандық соты Fitburg кемесінің капитаны, Ресей азаматы Андрей Максименконы Фин шығанағындағы кабельдерді зақымдау ісі бойынша 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлады бейсенбіде Yle телеарнасы.