Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан мен Тәжікстан 2030 жылға қарай сауда көлемін 2 млрд долларға жеткізуді...

Қазақстан мен Тәжікстан 2030 жылға қарай сауда көлемін 2 млрд долларға жеткізуді көздейді

|

|

Астана. 7 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан мен Тәжікстан жыл сайынғы өзара сауда көлемін 2 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр. Осы мақсатта 2030 жылға дейінгі тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жол картасы қабылданды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бірлескен жұмыстың арқасында екіжақты тауар айналымы екі миллиард долларға жақындап келеді. … Осы межеге жету үшін бүгін тауар айналымын ұлғайтудың 2030 жылға дейінгі жол картасы қабылданды», – деді Мемлекет басшысы. Оның айтуынша, екі ел үкіметіне құжатта көзделген шараларды сапалы орындау тапсырылған.

Тоқаев Қазақстанның Тәжікстандағы ең ірі үш сыртқы сауда серіктесінің бірі екенін еске салды.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан мен Тәжікстанның жыл сайынғы тауар айналымы тұрақты түрде 1 млрд доллардан асып келеді. Биыл екі ел арасындағы сауда көлемі тоғыз айдың өзінде осы межеге жетіп, 26%-ға өсті.

Тоқаев өзара сауданы ұлғайтуға аграрлық саланың мүмкіндігі мол екенін атап өтті. 2025 жылы екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы 11%-ға өсіп, 600 млн долларға жуықтады. Бұл жалпы тауар айналымының жартысына жуығын құрайды.

Қазақстан мен Тәжікстан бір-біріне азық-түлік жеткізу көлемін одан әрі арттыруға дайын. Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің барлық кезеңін қамтитын өндіріс жүйесін құру мүмкіндіктерін де талқылады.

Қазақстан Президенті екі ел экономикасының өсуіне тың серпін беретін бірлескен жобаларды іске асыру маңызды міндет екенін айтты. Оның пікірінше, энергетика, мұнай-газ, тау-кен металлургиясы және өңдеу салаларындағы өзара тиімді әріптестіктің келешегі зор.

Тоқаев сапар қарсаңында өткен Қазақстан–Тәжікстан бизнес-форумы екі ел кәсіпкерлерінің түрлі бағытта байланыс орнатуға мүдделі екенін көрсеткенін жеткізді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан мен Тәжікстан президенттерінің келіссөздері қорытындысында бірқатар келісімге қол қойылды

Астана. 7 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Астанада өткен Қазақстан мен...

Тоқаев Рахмонды «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады

Астана. 7 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Шекарасыз кино кеңістігі: Қазақстан Еуразия елдерін ынтымақтастыққа шақырды

Бұл күндері Мәскеуде Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Өзбекстан және басқа да елдердің кино саласы өкілдерінің басын қосқан халықаралық кинофорум өтіп жатыр. Жиында кинематографистер әлемдік және өңірлік кино өнерінің болашағына қатысты көзқарастарын ортаға салып, саланы дамыту жолдарын ұсынып, қордаланған мәселелерді талқылауда. Қазақстан атынан форумға биыл да Кинематографистер лигасының басшысы Айдар Баталов қатысып отыр. Ол көршілес елдердегі әріптестеріне нақты міндеттерді атқаратын әрі іс жүзінде тиімді жұмыс істейтін Еуразиялық кинематографияны дамыту қорын құруды ұсынды. Бастама фильмдерді бірлесіп қаржыландырумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар кино өндірісін біріктіріп, ортақ көрермен нарығын қалыптастыруды көздейді. Бұл бастама қандай нәтиже береді? Еуразия елдерінің ұлттық киноиндустриялары бәсекелестік күшейген қазіргі кезеңде өз орнын сақтап қалуға және халықаралық нарыққа шығуға көбірек мүмкіндік алады.