Евразия24Не болдыАстанада жол жиегіндегі адамдарға су шашқан жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Астанада жол жиегіндегі адамдарға су шашқан жүргізуші 10 тәулікке қамалды

|

|

Әлеуметтік желілерде Lexus көлігінің бағдаршамның өзгерммелі тұсына өтпек болып, жылдамдығын арттырып, терең шалшыққа түсіп кеткен. Осыедай бейнежазба тарады. Соның салдарынан шашыраған су жол бойында жұмыс істеп жүрген екі жұмысшыны малмандай су болған.

«Астана» телеарнасының хабарлауынша, сот 32 жастағы жүргізушіні ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алды.

Астаналық екі жұмысшының басынан өткен жағдайға тап болған кез келген қазақстандық бұл жаңалықты естігенде табаламаса да, іштей риза болары анық. Өйткені мұндай әрекет үшін 10 тәулік қамауға алу – орынды жаза.

Енді Lexus жүргізушісінің көлік сыртындағы адамдардың да құқығы бар екенін және олардың қарапайым құрметке лайық екенін ой елегінен өткізуге уақыты жеткілікті. Әсіресе, жылдың қай мезгілі, ауа райы қандай болса да, қаланың тазалығы үшін еңбек етіп жүрген жандарға құрметпен қарау қажет.

Айтпақшы, Қазақстанда мұндай жағдай алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. 2026 жылы ақпанда Жаңаөзен қалалық соты жаяу жүргінші әйелге балшық шашыратқан Mercedes жүргізушісіне 86 500 теңге айыппұл салған болатын. Оның әрекеті де ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық деп танылды. Жүргізуші кінәсін мойындап, өкініш білдіргенімен, айыппұлдан құтыла алмады.

Бір жағдайда жүргізушіге айыппұл салынып, екіншісінің 10 тәулікке қамауға алынуының нақты себебін айту қиын. Бұған зардап шеккендер саны, құқық бұзушылықтың мән-жайы немесе жүргізушінің соттағы әрекеті әсер еткен болуы мүмкін. Дегенмен Қазақстанда жолдағы жүріс-тұрыс мәдениеті әлі де көңіл көншітпейтінін ескерсек, бір ең төменгі жалақы мөлшеріндегі айыппұлдың өзі де елеулі жаза.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

«Самұрық-Қазына» қорының жаңа басшысы жақын арада тағайындалады – Қазақстан Премьер-министрі

Қазақстан Премьер-министрі, «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры директорлар кеңесінің төрағасы Олжас Бектенов қордың жаңа басшысы жақын арада тағайындалатынын хабарлады.

Еуропалық комиссия ЕО-ның санкциялар жөніндегі басқармасын құрып, олардың орындалуына жауапты жаңа арнайы өкілді тағайындады

Еуропалық комиссия (ЕК) сәрсенбі күні Еуропалық Одақтың санкциялар жөніндегі басқармасы (EU Sanctions Office) құрылғанын және швед дипломаты Ларс Даниэльссонның ЕО санкцияларын іске асыру жөніндегі халықаралық арнайы өкіл болып тағайындалғанын хабарлады.

Сомали президенті БАӘ-ні ел аумағында рұқсатсыз әскери базалар салып, билікке қарсы күштерді қолдады деп айыптады

Сомали президенті Хасан Шейх Махмуд Біріккен Араб Әмірліктерін (БАӘ) елдің ішкі істеріне араласып, орталық биліктің рұқсатынсыз әскери нысандар орналастырды деп айыптады.

Ресеймен жан-жақты стратегиялық әріптестік

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновты қабылдады, деп хабарлады сәрсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.