Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарАлматыда әскери медицина қызметкерлерінің рухына тағзым етілді

Алматыда әскери медицина қызметкерлерінің рухына тағзым етілді

|

|

Gdenews басылымының хабарлауынша, Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябақта соғыс жылдарында да, бейбіт уақытта да адам өмірін сақтап қалуға үлес қосқан әскери медицина қызметкерлері мен дәрігерлерге арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мемориал соғыс ардагері, дәрігер Бегайдар Сапарғалиұлы Садықовтың бастамасымен орнатылған. Ескерткіштің ашылу салтанатына медицина қызметкерлері, студенттер, ардагерлер, офицерлер мен қала тұрғындары қатысты. Жиында құттықтау сөздер айтылғаннан кейін қатысушылар әскери оркестрдің сүйемелдеуімен жаңа ескерткіш пен Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

 

Еуразия24 пікірі:

Ескерткішке қатысты ақпаратты нақтылай кетейік. 17 қарашада аталған жерде іс-шара өткені рас. Алайда жиналғандар ескерткіштің ашылуын атап өту үшін емес, оған ескерткіш тақта орнатып, әскери медицина қызметкерлерінің рухына тағзым ету үшін бас қосқан.

Бұған дейін, 2022 жылы 11 мамырда бұқаралық ақпарат құралдары Панфиловшылар саябағындағы майдангер медицина қызметкерлеріне арналған ескерткіш жанында медицина мамандарының марапатталғанын хабарлаған болатын.

Ескерткіш орнату бастамасын көтерген майдангер Бегайдар Садықовтың қызы Айжан Садықова журналистерге әкесі туралы айтып берген. Оның сөзінше, Бегайдар Садықов 17 жасында өз еркімен майданға аттанып, санитарлық нұсқаушы болып қызмет еткен. Ол ұрыс даласынан жараланған жауынгерлерді алып шығып, Сталинград шайқасына қатысқан.

2010 жылдың ақпанына дейін қазіргі ескерткіштің орнында тек мемориалдық тас болған. Кейін Алматы, Петропавл және Өскемен қалаларының дәрігерлері ескерткіш тұрғызуға 2 млн теңгеге жуық қаражат жинаған. Осыдан кейін саябақта майдангер медицина қызметкерлеріне арналған ескерткіш орнатылды.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ Сенатындағы республикашылдар Трамп ұсынған кандидаттардың Пентагондағы маңызды қызметтерге тағайындалуына тосқауыл қоймақ – БАҚ

АҚШ Сенатындағы республикашылдар президент Дональд Трамп Пентагондағы маңызды қызметтерге ұсынған кемінде екі кандидаттың тағайындалуына кедергі жасауға дайын. Бұл туралы The Washington Post (WP) газеті дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Мексикада ірі Меса-Флорес есірткі картелінің басшысы ұсталды

Мексиканың Синалоа штатындағы Гуасаве муниципалитетінде Мексика мен АҚШ күштік құрылымдарының бірлескен операциясы барысында Меса-Флорес есірткі картелінің басшысы Фаусто Исидро Меса Флорес ұсталды. Эль Чапо Исидро деген атпен танымал ол АҚШ Федералдық тергеу бюросы (ФТБ) іздеу жариялаған аса қауіпті қылмыскерлердің бірі болған. Бұл туралы ЭФЭ ақпарат агенттігі хабарлады.

Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы Бахрейндегі америкалық Patriot жүйесінің радарларына соққы бергенін мәлімдеді – БАҚ

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) баллистикалық зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданған кешенді операция барысында Бахрейнде орналасқан америкалық Patriot зениттік зымыран кешендерінің екі радиолокациялық станциясына соққы бергенін мәлімдеді. Бұл туралы Иранның мемлекеттік телерадиокомпаниясы хабарлады.

АҚШ әскери қызметшілеріне канадалық әріптестерімен бейресми қарым-қатынасты шектеу тапсырылды

АҚШ Соғыс министрлігі америкалық әскери қызметшілерге қызметтік қажеттілік болмаса, канадалық әріптестерімен қарым-қатынасты азайтуды тапсырды. Бұл туралы The New York Times (NYT) газеті АҚШ сенаторы Майк Раундзға сілтеме жасап хабарлады.