Евразия24ЖаңалықтарТаиланд, Малайзия және Сингапур АҚШ-пен кедендік баж салығы мәселесі бойынша келіссөздерді жалғастырмақ

Таиланд, Малайзия және Сингапур АҚШ-пен кедендік баж салығы мәселесі бойынша келіссөздерді жалғастырмақ

|

|

Гонконг. 26 қараша. ИНТЕРФАКС – АҚШ-тың Таиланд, Малайзия және Сингапурдан импортталатын тауарларға қосымша баж салығын енгізу жоспары белгілі болғаннан кейін аталған елдердің билігі Вашингтонмен келіссөздерді жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы бейсенбі күні өңірлік БАҚ хабарлады.

Таиландтың Сауда министрлігі АҚШ енгізетін баж салығының мөлшерін одан әрі төмендетуге күш салатынын мәлімдеді.

«Таиланд баж салығының мөлшерін барынша төмен деңгейде белгілеу үшін келіссөздерді жалғастырады», – деп The Nation порталы елдің сауда министрі Супхаджи Сутхумпунның мәлімдемесіне сүйеніп хабарлады.

Малайзияның Инвестициялар, сауда және өнеркәсіп министрлігі де осындай ұстаным білдірді.

«Министрлік Малайзияға қолданылатын баж салығының жалпы мөлшері 19 пайыздан аспауы үшін АҚШ тарапымен келіссөздер жүргізіп, тиісті мәселелерді талқылайды», – деп The Malaysian Reserve газеті жазды.

Ал Сингапур билігі Ақ үйдің жоспарына көңілі толмайтынын жеткізді.

«Сингапур АҚШ Сауда өкілдігінің бұл бастамасымен келіспейді. Елімізге қатысты ұсынылған шаралар бізді қатты қынжылтты», – деп Channel News Asia телеарнасы Сингапурдың Сауда және өнеркәсіп министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап
хабарлады.

Министрлік Вашингтонмен диалогті жалғастырып, соның ішінде баж салығын төмендету жолдарын қарастыруға ниетті екенін атап өтті.

Сәрсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің Малайзия мен Таиландтан импортталатын тауарларға 18 пайызға дейін, ал Сингапур тауарларына 20 пайызға дейін қосымша баж салығын енгізуді ұсынып отырғаны белгілі болды.

Вашингтон бұл шараларды аталған елдер, АҚШ тарапының пікірінше, артық өндірістік қуаттарды қысқарту үшін жеткілікті әрекет жасамай отырғандықтан қолға алмақ.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Алматыда тұрғын үй өртеніп, бес адам қаза тапты

Төтенше жағдайлар департаментінің алғашқы бөлімшесі шақырту түскеннен кейін төрт минут ішінде оқиға орнына жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде тұрғын үйді жалын шарпып, өрт қатты өршіп тұрған.

Тоқаев Сбербанк ұйымдастыратын жасанды интеллект жөніндегі конференцияның басты қонағы болады

Ресей мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Екі ел президенттерінің тұрақты кездесулері бұл ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына ықпал етеді. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді.

Иран Исфахандағы ядролық кешеннен 60 шақырым жерде жерасты нысанын қарқынды салып жатыр

Иран билігі елдің орталық бөлігіндегі Бехджатабад елді мекеніне жақын таулы аймақта жерасты нысанының құрылысын жедел жүргізіп жатыр. Бұл туралы бейсенбі күні The Jerusalem Post газеті Вашингтонда орналасқан үкіметтік емес Institute for Science and International Security ұйымының мәліметіне сүйеніп хабарлады.

Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырғандар саны 12 мыңнан асты, 5,9 мың адам қайтыс болды

Конго Демократиялық Республикасында (КДР) Эбола вирусын жұқтырудың 12 мыңнан астам жағдайы расталды. Індеттен 5,9 мыңнан астам адам көз жұмды. Бұл туралы бейсенбі күні ел билігінің мәліметіне сүйенген EFE ақпарат агенттігі хабарлады.