Евразия24ШетелдеШыдамның да шегі бар

Шыдамның да шегі бар

|

|

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың мәлімдеуінше, 2025 жылғы 1 шілдеден бастап USAID — АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі — шетелдік көмек бағдарламаларын ресми түрде тоқтатады. Бұл туралы RBC.ru басылымы хабарлады.

«1 шілдеден бастап USAID ұйымы шетелге көмек көрсету бағдарламаларын толықтай доғарады. Америка мүддесіне сай келетін және АҚШ әкімшілігінің саясатына сәйкес бағдарламаларды енді Мемлекеттік департамент жүзеге асыратын болады», — деді Марко Рубио Substack платформасында жариялаған мәлімдемесінде.

Оның айтуынша, USAID бірнеше он жылдық бойы әлемдік ықпалын күшейту мақсатында іс жүзінде шектеусіз қаржыға, нақтырақ айтқанда, салық төлеушілер есебінен бөлінген триллионға жуық долларға ие болған. Соған қарамастан, көзделген нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған.

Евразия24 ақпараттық ресурсы бұл мәселеге қатысты өз пікірін білдірді.

USAID агенттігі бірнеше ондаған жылда жалпы көлемі 715 миллиард доллардан астам қаржы жұмсаған. Алайда Марко Рубионың сөзінше, нақтыдаму мақсаттары толықтай орындалмаған. Оның үстіне, Рубио Африка құрлығындағы бірқатар мемлекеттерді де сынға алды. Оның айтуынша, 1991 жылдан бері Африка елдеріне 165 миллиард доллар бөлінгенімен, БҰҰ-да өткен маңызды резолюциялар бойынша дауыс беру кезінде бұл мемлекеттердің тек 29 пайызы ғана АҚШ-ты қолдаған.

Бұл жерде бір жайтты ерекше атап өткен жөн. 2025 жылдың ақпан айында «EADaily» агенттігінің Орталық Азия және Қытай бөлімінің редакторы Айдар Ермеков USAID қызметінің түпкі мақсатына тоқталған болатын. Оның айтуынша, 1961 жылы АҚШ президенті Джон Кеннеди құрған бұл агенттіктің бастапқы міндеті — Кеңес Одағына қарсы саяси ықпал құралын қалыптастыру еді. Кейін бұл бағыт Ресейге қарсы жалғасқан. Ермеков атап өткендей, ресми түрде «гуманитарлық», «құқық қорғау», білім беру, экология, мәдениет немесе медицина саласындағы жобалар ретінде ұсынылғанымен, USAID іс жүзінде геосаяси мүдделер үшін жұмыс істеді.

Қорыта айтқанда, құны үштен екі триллион доллар болатын бұл ауқымды жоба сәтсіз аяқталды.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Таяу Шығыстағы ахуалдың тұрақтануына байланысты мұнай бағасы айтарлықтай төмендеді

Дүйсенбі күні Таяу Шығыстағы қақтығыстың дипломатиялық жолмен реттелуі мүмкін деген үміттің күшеюіне байланысты әлемдік мұнай нарығында баға айтарлықтай төмендеп отыр.

Жапония иенаны қолдау үшін 34 млрд долларға жуық валюталық интервенция жүргізуі мүмкін

Жапония өткен жұма күні ұлттық валютаның бағамын қолдау мақсатында шамамен 5,3 трлн иена (34 млрд АҚШ доллары) көлемінде валюталық интервенция жүргізген болуы мүмкін.

АҚШ халықаралық коалиция күштері орналасқан Ирактағы базалардан әскери күштер мен техниканы Эрбиль әуежайына шоғырландырып жатыр

АҚШ Ирактағы «Ислам мемлекетіне» (Қазақстанда және бірқатар елдерде террористік ұйым ретінде танылған) қарсы халықаралық коалицияның түрлі әскери нысандарынан әскери қызметкерлер мен техниканы Ирак Күрдістанындағы Эрбиль халықаралық әуежайына көшіріп жатыр.

Тоқаев жасанды интеллект бойынша III халықаралық олимпиадаға қатысушыларға сәттілік тіледі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада басталған Жасанды интеллект бойынша III халықаралық олимпиада (IOAI 2026) жас зерттеушілер қауымдастығының дамуына тың серпін беретініне сенім білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.