Евразия24ТехнологияАуыл шаруашылығы: стратегиясыз сала, сенімсіз инвестор

Ауыл шаруашылығы: стратегиясыз сала, сенімсіз инвестор

|

|

 

Ертісбаев Live бағдарламасында Қазақстандағы ауыл шаруашылығы және мемлекеттік шешімдердің тиімділігі жөнінде сөз қозғалды. Еліміздің ет одағының төрағасы Мәқсүт Бәктібаев саладағы негізгі мәселелерді ашық айтып, алдағы жылдарға қатысты өз көзқарасын ортаға салды.

— Бізге нақты, бірыңғай стратегия мен бағдарлама керек. Қазақстанда қазір ауыл шаруашылығын дамыту туралы жүйелі заң жоқ. Барлық мүдделі тараптар — фермерлер, қауымдастықтар, мемлекет — бір үстелге отырып, алдағы он жылға ортақ жоспар құруы қажет. Қазір біз тек өрт сөндіріп, уақытша мәселелерді шешумен шектеліп отырмыз. Мұның да қажеті бар, әрине, бірақ ұзақмерзімді нақты көзқарас, стратегиялық бағдар жоқ.

Қазіргі жұмыс істеп жатқан бизнес те, жаңа келетін инвесторлар да ауыл шаруашылығы саласында қандай өзгерістер болатынын білмейді. Тыйымдар, шектеулер, субсидияларға қатысты түсініксіздік, несиелеу жүйесіндегі тұрақсыздық — мұның бәрі салаға сенім бермейді.

Сондықтан бізге кем дегенде 10 жылға арналған, нақты жазылған ұлттық стратегия қажет. Оны Үкімет емес, депутаттар барлық мүдделі тараптармен бірге дайындағаны дұрыс. Өйткені депутаттар Үкіметтің шешімдерін жай бекітетін нотариус болмауы тиіс, — деді Мақсұт Бәктібаев.

Eurasia24 пікірі:
Ауыл шаруашылығы саласының сарапшылары Қазақстанға осы салаға қатысты бірыңғай заң немесе ауыл шаруашылығы кодексі қажет екенін ұзақ жылдан бері айтып келеді. Бұл, мысалы, әлеуметтік кодекстің үлгісінде жасалып, барлық ережелер мен талаптарды «бір терезе» қағидаты бойынша жүйелеуге мүмкіндік берер еді. Ондай жағдайда әртүрлі нормативтік-құқықтық актілерге жиі өзгерістер енгізіп, нарықты да, өзімізді де шатастыруға жол берілмес еді.

2024 жылдың тамыз айында Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары бекітілді. Бұл құжатты әзірлеуге үкімет бірнеше жыл жұмсаған. Президент бұл жоспарға үлкен сенім артып отыр, себебі ол Қазақстанды шикізаттық тәуелділіктен шығару бағытындағы негізгі бағдар ретінде қарастырылуда.

Дегенмен, сарапшылар арасында бұл құжатқа қатысты сын көп. Өйткені мемлекет әлі де жоғары қосылған құны бар, сапалы әрі технологиялық өнім өндірісін дамыту үшін тарифтік, тарифтік емес және салықтық жеңілдіктер арқылы ынталандыру саясатын жалғастырып келеді. Нарықта қалыптасқан осындай жеңілдетілген жағдайлар, ішкі «жасанды» қолдау кәсіпкерлер арасында масылдық көзқарастың сақталуына себеп болып отыр.

Ал ауыл шаруашылығы — ең көп субсидия алатын саланың бірі. Сондықтан бұл сала мемлекеттік қолдауға тәуелді, яғни әуелден бәсекеге қабілеттілігі төмен. Сонымен бірге, әлемдік нарықтағы тұрақсыздықтың алғашқы соққысын дәл осы ауыл шаруашылығы қатты сезінеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Тәжікстанмен одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Иран АҚШ-пен жасалған отты тоқтату туралы келісімді 10 рет бұзды

Иран отты тоқтату туралы келісімге қол қойылған сәттен бастап американдық әскерлерге 10-нан астам рет шабуыл жасады.

Қазақстанда инвесторлар үшін әкімшілік кедергілерді анықтау мақсатында заңнамаға ревизия жүргізіледі

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов инвесторлар үшін әкімшілік кедергілерді анықтау және жою мақсатында ел заңнамасына ревизия жүргізуді тапсырды.

Тоқаев Xinjiang Lihua басшысын Қазақстанның АӨК дамытуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Xinjiang Lihua компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихаймен мақта кластерін құру мәселелерін талқылады.