Евразия24Еуразия патриоттарыBRICS пен жаңа тәртіп: Вашингтон қысымға көшті

BRICS пен жаңа тәртіп: Вашингтон қысымға көшті

|

|

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ТМД елдері жөніндегі Бірінші департаменті жанындағы Еуразиялық экономикалық интеграция бөлімі BRICS ұйымының XVII саммитінің II сессиясында Сергей Лавровтың айтқан пікірін жариялады. Сессия «Көпжақты әлемдік тәртіпті нығайту, қаржы-экономикалық мәселелер және жасанды интеллект» тақырыбына арналды.

Сергей Лавровтың айтуынша, бүгінгі таңда жаһандық экономиканың негізгі қозғаушы күші — Глобалдық Оңтүстік пен Шығыс елдері. Африка одағы, СЕЛАК, АСЕАН, ШЫҰ және ЕАЭО сияқты өңірлік бірлестіктердің рөлі артып келеді. Осы алаңдарда әлемдік шаруашылықтың жаңа архитектурасын қалыптастыруға бағытталған концептуалдық және нақты практикалық тәсілдер әзірленуде. Бұл үдерістер тең құқықтылық, көп жақтылық және сауда, қаржы, технология, логистика салаларындағы кемсітушілікті болдырмау қағидаларына негізделуі тиіс.

Сонымен қатар, цифрлық дәуір мен жасанды интеллект дамуы кезеңінде адами капиталға инвестиция салудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Eurasia24 пікірі:
BRICS елдері Рио-де-Жанейрода өткен саммит қорытындысы бойынша«біржақты тарифтік және тарифтік емес шектеулердің көбеюі сауда жүйесін бұрмалап, ДСҰ талаптарына сәйкес келмейді» деген алаңдаушылықты білдіріп үлгерместен, Дональд Трамп тағы да қатаң мәлімдеме жасады.

Ол өзінің әлеуметтік желісінде «BRICS-тің АҚШ-қа қарсы бағытын қолдаған кез келген мемлекетке 10 пайыз көлемінде қосымша тариф енгізіледі», — депжазды.

Бұл мәселеге қатысты не айтуға болады? Әлемдегі №1 экономика саналатын АҚШ-қа жаһандық тәртіптің бірполярлы үлгісіне қарсы әрекеттер, балама бастамалар ұнамайтыны анық. Сауда соғыстары әлі алда, ал Вашингтонның тарифтік саясаты түптеп келгенде, өз экономикасына да кері әсерін тигізіп жатыр.

Қысқаша айтқанда, жағдай: «Өз адамдарыңа соққы берсең, өзгелер қорқады» деген принципке ұқсап тұр.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.