Евразия24ЖаңалықтарЕуроодақ Украинаға 100 млрд еуро бөлуі мүмкін

Еуроодақ Украинаға 100 млрд еуро бөлуі мүмкін

|

|

Вашингтон, 9 шілде. ИНТЕРФАКСЕуроодақ 2028 жылдан бастап Украинаға көмек көрсету мақсатында 100 млрд еуро көлеміндегі арнайы қорқалыптастыру мүмкіндігін талқылап жатыр. Бұл жөнінде Bloomberg агенттігі хабарлады.

«Еуропалық одақ Украинаға қолдау көрсету мақсатында 100 млрд еуро (117 млрд доллар) көлемінде арнайы қор құру мүмкіндігін қарастыруда, себебі оның Ресеймен қақтығысы аяқталар емес», – делінген хабарламада.

Агенттіктің хабарлауынша, бұл қаржы Еуроодақтың алдағы жетіжылдық бюджетінің бірбөлігі ретінде қарастырылып жатқанын атап өткен. Құжаттың толық нұсқасы осы айдың соңына дейін ұсынылады деп күтілуде.

Егер мүше мемлекеттер келісімге келсе, онда Украинаға тұрақты қаржылық қолдау көрсету үшін 2028 жылдан бастап қаржыландыру басталады. Аталған ұсыныс ЕО-ның көпжылдық қаржылық келісімінің нақты мазмұны жарияланғанға дейін басқа нұсқалармен бірге қарастырылуда. Құжаттың алғашқы нұсқасы 16 шілдеде ұсынылады деп жоспарланып отыр, алайдакейбір егжей-тегжейлері кейінірек белгілі болуы мүмкін.

Bloomberg атап өткендей, Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы басталғаннан бері ЕО Киевке шамамен 160 млрд еуро көлемінде көмек көрсетті. Бұл сомаға 2027 жылға дейін гранттар мен несиелерді қамтитын 50 млрд еуро көлеміндегі арнайы қор кіреді. Сонымен қатар, G7 елдерімен бірлесіп, Еуроодақ Украина үшін Ресей Орталық банкінің бұғатталған активтерінен алынған кірістер есебінен 50 млрд долларлық несиелік құралқұрды.

Маусым айында Еурокомиссия ЕО қаржы министрлеріне Украинаға қажет қаржылық қолдау 2027 жылдың басына дейін қамтамасыз етілуі тиіс екенін, ал биыл елдің қорғаныс саласындағы шығындары ішкі көздер есебінен 8,4 млрд долларға ұлғайтылатынын хабарлады.

Осыған дейін Брюссельде өткен ЕО-ның экономика және қаржы жөніндегі кеңесінде Украинаға қаржылық көмек көрсету мәселесі талқыланған болатын

Еурокомиссияның экономика жөніндегі мүшесі Валдис Домбровскис баспасөз мәслихатында: «Қаржыландыру мәселесіне келсек, бәрі белгіленген кестеге сай жүріп жатыр. G7 елдерінің ERA (Extraordinary Revenue Acceleration) бастамасы аясында Украинаға 17 млрд еуро көлемінде қаражат төленді. Соңғы транш – 1,4 млрд еуроКанададан келіп түсті. ЕО тарапынан келесі 1 млрд еуролық төлем осы аптада жүзеге асады деп күтілуде»,деп мәлімдеді. Олсондай-ақ Украина қорынан кейінгі төлем тамыз айының ортасына жоспарланғанын жеткізді.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

КҚК шектеуіне жауап: экспорт қайта бағдарланды

Қазақстан мұнайының сыртқы нарықтарға жеткізілуі уақытша шектеулерге тап болуы мүмкін. Бұған Қара теңіздегі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалында шварттық құрылғылардың бірінің жоспарлы жөндеуден өтуі және екіншісінің дрон шабуылы салдарынан істен шығуы себеп болып отыр.

Қазақстан су ағындары мен көлдерді қорғау жөніндегі Конвенцияға Хаттаманы ратификациялады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «1992 жылғы Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияға Су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заңға қол қойды.

Тоқаев Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған халықаралық форумға қатысады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына, Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылына және Халықаралық бейтараптық күніне арналған форумға қатысады.

ХВҚ Қытайдың 2025 жылға арналған ЖІӨ өсімі болжамын 5%-ға, 2026 жылға – 4,5%-ға дейін көтерді

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Қытай экономикасының өсу болжамын қайта қарап, 2025 жылға арналған көрсеткішті 4,8%-дан 5%-ға, ал 2026 жылға арналған болжамды 4,2%-дан 4,5%-ға дейін арттырды.