Евразия24Күнбе күнҰБТ шындығы: мектептегі білім сапасы сын көтермейді

ҰБТ шындығы: мектептегі білім сапасы сын көтермейді

|

|

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, 2025 жылғы негізгі ҰБТ-ны 210 мыңнан астам талапкер тапсырған. Олардың шамамен 76,5%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 23,5%-ы – орыс тілінде, ал 149 талапкер – ағылшын тілінде тапсырды.

Талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, грант тағайындау конкурсына үздік нәтижесімен қатысу мүмкіндігі берілді. Осылайша, 210 мыңнан астам талапкер ҰБТ-ны жалпы саны 381 мың рет тапсырған.

Тестілеу нәтижесі бойынша шамамен 161 мың талапкер шекті балды жинады, бұл қатысушылардың 76%-ын құрады. Бес пән бойынша ҰБТ-ның орташа балы – 69 балл.

Ең жоғары нәтиже – 140 балл – Түркістан облысынан Әбілхан Жәнібек есімді талапкерге тиесілі. Бұл көрсеткішке ҰБТ өткізудің алғашқы аптасында қол жеткізген. Сонымен қатар, 598 адам 130 балдан жоғары нәтиже көрсетті.

Евразия24 пікірі:

Ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ҰБТ қорытындысын жариялады. Талапкерлердің үштен бірі шекті 50 баллға қол жеткізе алмады. Бұл үрдіс Қазақстанда бірнеше жыл қатарынан жалғасып келеді.

Әрине, барлық оқушы дарынды бола бермейді, бәрі бірдей ғалым, заңгер немесе экономист болуы шарт емес. Бірақ шекті балл дегеніміз – шартты түрде «үштік» баға. Ал егер талапкерлердің үштен бірі тіпті осы межеге жете алмаса, демек, олар «екілік» алғандар ма?

50 балмен ұлттық университеттерге жол жабық. Сондай-ақ басқа жоғары оқу орындарында сұранысқа ие мамандықтар бойынша грант жеңіп алу мүмкіндігі де жоқтың қасы. Бұл – елімізде жыл сайын 1 триллион теңгеден астам қаражат жұмсалатын мектептегі білім сапасының нақты көрінісі емеспе?

Айта кетейік, 2025 жылдың сәуір айында Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары барысында Президент ҰБТ-2024 нәтижелері бойынша өңір оқушыларының төмен үлгеріміне назар аударған болатын. Ал ҰБТ-2025 нәтижелеріне Мемлекет басшысы қандай баға бермек?

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.