Евразия24ЖаңалықтарЕО Ресейге қарсы 18-ші санкциялар пакетін жуырда мақұлдауы мүмкін

ЕО Ресейге қарсы 18-ші санкциялар пакетін жуырда мақұлдауы мүмкін

|

|

Брюссель, 15 шілде – Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Кая Каллас Ресейге қарсы кезекті шектеу шараларын осы аптада қабылдауға үмітті екенін мәлімдеді.

«Бүгін не ертең 18-ші санкциялар пакетін мақұлдауға үміттіміз. Бірақ әлі де талқылайтын мәселелер бар», – деді Каллас дүйсенбі күні Сыртқы істер кеңесінің отырысы алдындағы баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ЕО ресейлік мұнай бағасына шекті мөлшер белгілеу бойынша да жұмыс жүргізіп жатыр. Алайда бұл бастаманы АҚШ әзірге қолдамаған.

Естеріңізге салсақ, 2025 жылғы маусымда Еурокомиссия Ресей мұнайына қойылған шекті бағаны 60 доллардан 45 долларға дейін төмендетуді ұсынған болатын. Бұл шара Мәскеудің мұнайдан түсетін табысын қысқарту мақсатында әзірленді.

Кейін бұл ұсынысты Эстония 18-ші санкциялар пакетіне енгізуді талап етті. Алайда Мальта ресейлік энергетика секторына бағытталған жаңа шектеулерге қарсы шықты.

Politico басылымының хабарлауынша, жексенбі күні ЕО Кеңесінің тұрақты өкілдері комитетінің (COREPER) отырысында Мальта ресейлік энергия ресурстары экспортына қойылатын бағаның шекті мөлшерін соңғы үш айдағы орташа нарықтық бағадан 15% төмен деңгейде белгілеуге қарсы пікір білдірген.

Словакия да энергетикалық санкциялардың ел экономикасына теріс әсер етуіне байланысты жаңа шектеулерге қарсы шығып отыр. Дегенмен Братислава алдағы күндері әріптестерімен келісімге келуді көздейді.

«Словакия үкіметі Ресейге қарсы 18-ші санкциялар пакетін сейсенбі немесе сәрсенбіге дейін мақұлдау жөнінде еуропалық серіктестерімен ортақ мәмілеге келуге мүдделі», – деп хабарлады бұған дейін словакиялық БАҚ премьер-министр Роберт Фицоның сөзіне сүйеніп.

Фицоның айтуынша, Словакия үкіметі энергетика саласына қатысты нақты кепілдіктер сұрайды. Бұл кепілдіктер ел тұрғындарына қолжетімді бағаны қамтамасыз ету үшін қажет. Алайда келіссөздер барысында «шиеленістің артып келе жатқаны» да атап өтілді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.