Евразия24Еуразия патриоттарыЖаһандық проблемаларға еуразиялық жауап: ЕАЭО-ның әлеуеті қандай?

Жаһандық проблемаларға еуразиялық жауап: ЕАЭО-ның әлеуеті қандай?

|

|

Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлағандай, ЕЭКтің энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Қожошев БҰҰның НьюЙорктегі штабпәтерінде өткен Тұрақты даму жөніндегі жоғары деңгейлі саяси форум аясында «ЕАЭОның энергетикасы энергетикалық ауысу жағдайында: сынқатерлер мен артықшылықтар» тақырыбында баяндама жасады.

Ісшара «Глобалды Оңтүстікте энергетикалық ауысуды жеделдету: орнықты экономикалық өсім мен стратегиялық әріптестікті дамыту» тақырыбымен өтті.

Өз сөзінде Арзыбек Қожошев ЕАЭО елдерінің энергетикалық әлеуетін атапөтіп, Одақ  әлемдік газ қорының 20%, көмірдің 20%, мұнайдың 7%-на, сондайақ электр энергиясын өндірудің 5%-ына ие екенін жеткізді.

Евразия24 пікірі:

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Тұрақты даму жөніндегі жоғары деңгейлі саяси форум аясында 2030 жылға дейінгі күн тәртібінің орындалуына арналған он жылдық қорытындысын жариялады. Оның айтуынша, қазіргі көрсеткіштер «көңіл көншітпейді».

Бас хатшының мәлімдеуінше, табиғаты әртүрлі және бір мезгілде өршіп тұрған дағдарыстар тұрақты дамуды тежеуде. Бүгінде 800 миллионнан астам адам шектен тыс кедейлік жағдайында өмір сүреді. Миллиардтаған адам қауіпсіз ауыз суға, кәріз жүйесіне және негізгі гигиеналық қызметтерге қол жеткізе алмай отыр. 2024 жыл Жер тарихындағы ең ыстық жыл ретінде тіркелді. Қарулы қақтығыстар 50 мыңнан астам адамның өмірін қиды, ал мәжбүрлі көшіқонға ұшырағандардың саны 120 миллионнан асты. 2023 жылы дамушы елдердің қарызға қызмет көрсету шығындары 1,4 триллион долларды құрады.

Осы қиындықтарға қарамастан, ЕАЭО елдерінің интеграциялық ынтымақтастығы нығайып келеді. ЕЭК энергетика министрі Арзыбек Қожошев БҰҰ штабпәтерінде сөйлеген сөзінде Одақ елдерінің энергетикалық әлеуетін және ортақ әрекеттерінің нәтижелілігін атап өтті. Бұл жаһандық тұрақсыздыққа қарсы өзара сенім мен дұрыс шешімдерге негізделген еуразиялық бірліктің берік бағытын көрсетеді. ЕАЭО мемлекеттері әлемдік сынқатерлерге қарамастан өзара байланыстарды тереңдету арқылы орнықты даму жолынан таймай отыр.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан-Түркия қарым-қатынасындағы қарама-қайшылықтар

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында табыс етілген «Қожа Ахмет Ясауи» ордені өзіндік бір өтемақы іспетті болды. Астана Анкараға Қазақстан Республикасының туындағы күн шұғыласының тиесілі бөлігін бағыттауға дайын, бірақ бұл тек көпвекторлылық доктринасының шеңберінде ғана жүзеге аспақ. Мамыр айында қалыптасқан жаһандық геосаяси ахуал Ақордаға өз серіктесіне бұдан артық уәде беруге мүмкіндік бермейді, өйткені бұл екі түркі мемлекетінің мүдделері барлық мәселеде бірдей тоғыса бермейді. Қасым-Жомарт Тоқаев түркиялық әріптесін ерекше ілтипатпен қарсы алды. Түркия Қазақстанның өзіндік геосаяси тепе-теңдік жүйесінде бұрыннан маңызды рөл атқарып келеді және бұл маңызын әлі де сақтап отыр.

ҚР Ұлттық ұланының жауынгерлері қоян-қолтық ұрыста топ жарды

Күштік құрылымдар қызметкерлері үшін жекпе-жек өнерін жоғары деңгейде меңгеру — таңсық дүние емес, бұл — іс жүзіндегі кәсіби стандарт. Әсіресе физикалық және психологиялық дайындық тікелей күнделікті қызметпен ұштасатын құқық қорғау жүйесінде бұл қағиданың маңызы зор.

Кеңседе отыратын заман артта қалғаны ма?

«Paryz NEF 2026» қауымдастығының форумында бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, ал қазіргі уақытта «Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин көпшілікті таңғалдырған бірқатар мәлімдемелер жасады.

Жасанды интеллект «істі тіркемек»

Бір жағынан, Ішкі істер министрлігінің жасанды интеллект жүйелерін енгізуге неліктен басымдық беріп отырғанын түсінуге болады. Бұл қадам бірден екі өзекті мәселені шешуді көздейді: Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді әрі кадр тапшылығы мәселесін реттейді.