Евразия24ЖаңалықтарЛатакия маңындағы әскери базада жарылыс болды

Латакия маңындағы әскери базада жарылыс болды

|

|

Дубай, 17 шілде. ИНТЕРФАКС – Таяу Шығыс басылымдары Сирияның Латакия қаласынан оңтүстікте орналасқан әскери базада бейсенбіге қараған түні қатты жарылыс болғаны туралы хабарлады.

«Латакия қаласының оңтүстігіндегі әскери база аумағында күшті жарылыс тіркелді. Оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз, зардап шеккендер мен шығындар туралы да ресми ақпарат жоқ», – делінген хабарламада.

Әлеуметтік желілерде тараған бейне материалдардан оқиға орнында үлкен өрт шыққаны байқалады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Шымкентте белгілі спортшы қайғылы жағдайда қаза тапты

Есту қабілеті төмен спортшылар арасында грек-рим күресінен Қазақстанның бұрынғы чемпионы Әділ Тілектес керамикалық плитка шығаратын зауытта жұмыс істеп жүріп, электр тогына түсіп, қаза тапты. Әділ Тілектес 2021–2024 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетті. Бұған дейін, 2019 жылы ересектер арасындағы командалық ел чемпионатында Қазақстан чемпионы атанған.

Нәтижелі еңбек еткен ғалымдардың жалақысы артады

Қазақстанда ғылыми қызметкерлердің еңбекақысын төлеу тәртібі өзгереді. 2026 жылғы 22 қыркүйектен бастап жаңа ереже күшіне енеді. Енді ғалымдардың еңбекақысы лауазымдық жалақымен ғана шектелмей, кәсіби және ғылыми жетістіктеріне қарай есептеледі. Жаңа талаптар ғылыми ұйымдарда, жоғары оқу орындарында және ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын өзге де аккредиттелген мекемелерде жұмыс істейтін ғалымдарға қатысты.

АҚШ-пен арасы суыған Канада Еуроодаққа бет бұрды

Канада Премьер-министрі Марк Карнидің Еуропалық одақпен «бірегей одақ» құру ниеті туралы мәлімдемесі геосаяси тұрғыдан елеулі қадам деуге болады. Іс жүзінде Оттава Дональд Трамп жаңаша сипатта ұстанып отырған Монро доктринасына қайшы бағыт таңдағалы отыр. Вашингтон Канаданың мұндай әрекетін жауапсыз қалдырмауы мүмкін. Дегенмен Канаданың бұлай әрекет етуіне негіз бар. АҚШ өз мүддесі үшін одақтастарына қысым жасаудан тайынбайтынын талай рет көрсетті. Канада дәстүрлі түрде Жаңа дүниедегі Еуропаға ең жақын елдердің бірі саналады. АҚШ-пен салыстырғанда мінезі сабырлырақ, артық қылыққа да көп бара бермейтін «Еуропаның қызы» іспетті. Қалай болғанда да, Оттава мен Вашингтон ұзақ жыл бойы тіл табысып келді.

Ауыл мектептеріне жасанды интеллект енгізілмек

2028 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан ауылдарындағы 2,6 мыңнан астам шағын жинақты мектеп жасанды интеллектіні енгізу жобасымен қамтылады. Қазір пилоттық жоба Павлодар және Қызылорда облыстарының мектептерінде іске асырылып жатыр.