Евразия24Еуразия патриоттарыҒылым мен ауыл шаруашылығы: интеграцияның ЕАЭО-дағы әлеуеті

Ғылым мен ауыл шаруашылығы: интеграцияның ЕАЭО-дағы әлеуеті

|

|

Евразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұрақты әрі сапалы өндірісін қамтамасыз ету селекциялық-асылдандыру жұмыстарын дамытуға тікелей байланысты. Бұл туралы Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университетінің АӨК мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының инновациялық даму кафедрасының меңгерушісі Наталья Кириенко Eurasia.Expert порталына берген сұхбатында айтты.

Сарапшының айтуынша, мал шаруашылығындағы селекциялық-асылдандыру жұмысы – ЕАЭО елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі берік әрі ұзақ мерзімді негіз болып табылады. «Бүгінде біз бәсекеге қабілетті өнім өндіруді және халықаралық аренадағы табысты қамтамасыз ететін инновациялық технологиялар дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Сондықтан ауыл шаруашылығындағы селекциялық жұмыс тек дәстүрлі тәсілдермен шектелмей, жаңа ғылыми бағыттарға арқа сүйеуі қажет. Мұндай интеграциялық тәсіл мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, өзара ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеткізілімін арттыруға, сыртқы импортқа тәуелділікті азайтуға сеп болады», – дейді ол.

Евразия24 пікірі:

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Беларусьтен Қазақстанға жеткізілген азық-түлік өнімдерінің көлемі бірден 33%-ға артып, 71,2 млн АҚШ долларына жетті. Бұл – соңғы бес жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Импорт құрылымында негізгі үлесті ірімшік пен сүзбе (16,7 млн доллар) және сиыр еті (16,4 млн доллар) теңдей бөліп отыр. Бұдан бөлек, Беларусьтен Қазақстанға 8,9 млн долларға колбаса өнімдері, 8,4 млн долларға сүт пен кілегей, 4 млн долларға сары май, 3,3 млн долларға еттен дайындалған немесе консервіленген тағамдар жеткізілген.


Соңғы жылдары қазақстандық тұтынушылар белорус өнімдерінің жергілікті сауда орындарында көбейгенін және сапасы жоғары екенін жиі атап өтуде. Бұл тауарлар баға жағынан да бәсекеге қабілетті, әрі логистика шығындарына қарамастан, қазақстандық өнімдермен тең дәрежеде сатылуда. Сала мамандары мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне белорус агроөнеркәсіп кешенінің тәжірибесін, әсіресе Наталья Кириенко атап өткен селекциялық-асылдандыру бағытындағы жүйелі жұмыстарын зерттеп, қолдануға кеңес берілуде.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.