Евразия24ЖаңалықтарҚытай Еуропалық одақтың санкциялық саясатына қарсылық білдіріп, ұлттық компаниялардың мүддесін қорғауға ниетті

Қытай Еуропалық одақтың санкциялық саясатына қарсылық білдіріп, ұлттық компаниялардың мүддесін қорғауға ниетті

|

|

Бейжің. 21 шілде. ИНТЕРФАКС – Қытай Еуропалық одақтың Ресейге қарсы18-ші санкциялар пакеті аясында ҚХР компанияларын шектеу тізіміне енгізуіне байланысты қатаң наразылық білдірді. Бұл туралы Қытай ХалықРеспубликасының Сауда министрлігінің ресми мәлімдемесінде айтылған.

Құжатта былай делінген: «Қытайдың қайталанған қарсылығына және келіссөздерге қарамастан, Еуроодақ Ресейге қарсы қабылданған 18-ші санкциялық шаралар шеңберінде бірқатар қытайлық компанияларды тізімге енгізіп, олардың екеуіне – екі қаржылық ұйымға – дәлелсіз негіздермен санкция салды».

Министрлік бұл әрекетке байланысты Қытайдың «наразылығы мен үзілді-кесілді қарсылығын» білдіретінін атап өтті.

Пекин Брюссельді қытайлық компаниялар мен қаржы мекемелерін санкциялық тізімге енгізу тәжірибесін «тез арада тоқтатуға» шақырды. Бұлқадам Қытай мен ЕО арасындағы экономикалық және сауда қатынастарына, сондай-ақ қаржылық ынтымақтастыққа елеулі теріс әсерін тигізуі мүмкінекені ескертілді.

Сауда министрлігі Қытай тарапы қытайлық кәсіпорындар мен қаржы институттарының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында«қажетті шаралар қабылдайтынын» мәлімдеді.

Бұған дейін хабарланғандай, ЕО-ның санкциялық тізіміне Қытайдың SuifenheRural Commercial Bank және Heihe Rural Commercial Bank банктері, сондай-ақ бірнеше қытайлық компания енгізілген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.